– Бүгін өңіріміз үшін үлкен маңызға ие инфрақұрылымдық жоба – республикалық маңызы бар «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автожолынан Сауран қалашығына бұрылыс жолы пайдалануға берілмек. Бұл нысан – тек жол инфрақұрылымының жаңаруы ғана емес, тарихи-туристік «Сауран археологиялық-сәулеттік кешеніне» кіреберіс пен шығаберісті айтарлықтай жеңілдетіп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды объект. Сапалы жол – туристің алғашқы әсерін қалыптастыратын басты фактор. Сондықтан бүгін іске қосылып отырған бұл жол нысаны туристік ағымды көбейтуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, кәсіпкерлік нысандарының дамуына және жалпы өңірлік инфрақұрылымның жақсаруына үлкен серпін береді. Өздеріңізге белгілі, Сауран қалашығына келушілер бұрын шамамен 30 шақырым айналма жол жүріп келуге мәжбүр болатын. Енді осы бұрылыс жолының іске қосылуымен бұл мәселе толық шешімін тауып отыр. Біз бұл жобаның іске қосылуы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беріп, жол қауіпсіздігін арттырып, халқымыздың игілігіне қызмет ететініне сенімдіміз, – деген Зұлпыхар Жолдасов жобаны іске асыруға атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.
Маңызды жол айрығының құрылысын «Қыран» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған. Жолдың ұзындығы 1955 метрді құрайды. Құрылыс барысында қолданыстағы жол жамылғысы фрезерленіп, су өткізгіш құбыр орнатылды. Сонымен қатар жолды абаттандыру, жол белгілері мен таңбалау, жарықтандыру жұмыстары толық аяқталған. Жалпы Шымкент–Қызылорда жолының қарқыны жоғары. Мұнда тәулігіне 11 000 жеңіл автокөлік, 3 000 автобус және 8 000 жүк көлігі жүріп өтеді. Сондықтан жол инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіздік шараларын күшейту және жолды сапалы жөндеу, көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді.
Айта кетейік, Түркістан қаласы маңында орналасқан Сауран кешеніне келушілер саны жыл сайын артып келеді. 2024 жылы келген туристер саны 2683 адам болса, 2025 жылдың 11 айдың қортындысымен келген туристер саны 9925 құрады. Туристер мен келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралынан Сауран қалашығына бұрылатын жол бөлігін ашу жұмыстары белсенді жалғасуда. Өңірде туристік бағытты дамыту мен саланың кірісін көбейту, сондай-ақ жергілікті турбизнес субъектілерін қолдауды қамтамасыз ету үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы тарапынан өңірге келуші туристердің жайлылығын қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Президент өз Жолдауында туризм саласын жүйелі түрде дамыту және туристік инфрақұрылымды жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы бұл бағыттың ел экономикасын әртараптандыру мен халықаралық имиджді арттырудағы маңыздылығын атап өтті. Түркістан облысында туризм саласы қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысының қолдауымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуі өңірдің туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтерді. Жыл басынан бері 500 мыңнан астам турист өңірге келіп, 5,5 млрд теңге табыс түсті. Туристерге жаңа бағыттар мен өнімдер ұсыну мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Түркістан қаласында Есу арнасы каналы мен Қолөнершілер орталығының құрылысы аяқталды. Жыл соңында 99 гектар аумақты қамтитын «Ипподром» пайдалануға беріледі. Аталған нысандар халықаралық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай. Қазіргі таңда, Түркістан облысына келген туристтер саны 400 мың адамға жетіп, 2024 жылдың тиісті кезеңінен 8,1%-ға өскен. Бұдан бөлек, тарихи орындарға 911,2 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 12,4%-ға өскен. Туризм саласына инвестиция тарту және инфрақұрылымды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Инфрақұрылымды жақсарту мақсатында туристік нысандарға барар жолдарды жөндеу бойынша жалпы соммасы 11,3 млрд теңге-ні құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, «Түркістан – Арыстанбаб» және «Батыс Қытай – Батыс Европа» автожолынан Сауран қалашығына бұрылыс алаңын орнату секілді жобалар қамтылған.
2025 жылдың 10 аймен туризм саласына 58,2 млрд теңге инвестиция тартылды, көрсеткіш өткен жылмен салыстарғанда 26,6%-ға өскен. Туристерге қосымша өнімдерді ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынған. Қ.А.Ясауи кесенесі маңындағы «Күлтөбе» ескі қалашығын бюджет есебінен аббаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жеке инвестиция есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы іске қосылды Елімізде баламасы жоқ «Есу каналы» іске қосылды. ТМД елдерінде тек Мәскеу және Самарқанд қалаларында ғана бар. Каналдың салынуы туризмнің және оның ішіндегі спорттық туризмнің дамуына септігін тигізеді. Отырар ауданның туристік әлеуетін ескере отырып Арыстан баб кесенесінде «Otyrar» visit centre жобасын іске асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда, визит центр жобасын іске асыру бойынша «Pana Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ Отырар қалашығының макетін қалыптастыру үшін қайта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, туризм бағытында дамыту жобалары пысықталуда. Аталған жобаның негізінде ескі қаланы туристерге ұсыну үшін арнайы инвестициялық ұсыныстар дайындалатын болады және инвесторлар тарту жоспарымызда бар. Бұдан бөлек, өңірде 26,1 млрд теңгеден асатын 43 инвестициялық жоба іске асырылуда. Нәтижесімен 1130 жаңа жұмыс орны ашылады (тұрақты – 620, уақытша – 510). Келетін туристерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы әуежайының ұшу географиясын кеңейту жұмыстары да атқарылуда. Осы орайда, «Түркістан – Самарқан, Түркістан – Бұхара, Түркістан – Үргенш» бағытында әуе рейсін ашу жұмыстары жүргізіліп, «Scat Air» әуе компаниясымен рейстер іске қосылды.
2025 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 51,7 млрд теңге (РБ – 10,4 млрд теңге; ОБ – 28,6 млрд теңге; «Ауыл – Ел бесігі» – 10,6 млрд теңге, субвенция – 6,1 млрд теңге) бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 288 нысан немесе 1245,1 шақырым жолдар мен көшелер қамтылды. Жыл қорытындысымен 201 нысан н/е 827,4 шақырым пайдалануға беріледі деп көзделуде. Облыстық маңызы бар жолдар – 20,1 млрд теңге (РБ-9,3 млрд теңге, ОБ – 10,8 млрд теңге) бөлініп, 24 нысан н/е 219,3 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен (жыл қорытындысымен 17 нысан н/е 105,6 шақырым жол, 7 көпір, 1жарықтандыру пайдалануға беріледі) қамтылды. Аудандық маңызы бар жолдар –3,6 млрд теңге (ОБ 3,6 млрд теңге) бөлініп,24 нысан н/е 130,7 шақырым жол құрылыс, күрделі ж/е орташа жөндеу жұмыстарымен (13нысан н/е 53,7 шақырым жол пайдалануға беріледі) қамтылды;
Елді мекен көшелеріне – 28,0 млрд теңгеге 240 нысан 885,6 шақырым көшелерді жөндеуге (РБ – 1,1 млрд теңге; ОБ – 10,2 млрд теңге; «Ауыл – Ел бесігі» – 10,6 млрд теңге; субвенция – 6,1 млрд теңге) бөлінді. Оның ішінде; ОБ және АЕБ есебінен – 21,0 млрд теңгеге 131 жоба немесе 561,8 шақырым жөндеу жұмыстарымен қамтылуда (жыл қорытындысымен 119 нысан н/е 509,0 шақырым пайдалануға беріледі). Субвенция есебінен 109 жоба н/е 323,8 шақырым көшелер қамтылды. Жыл қорытындысымен 83 нысан н/е 283,1 шақырым жол пайдалануға беріледі. 2025 жылы жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 93,7%-дан 95%-ға, ал, елді мекен көшелерін 74%-дан 78%-ға жеткізу жоспарланған. Осы бағытта келесідей жұмыстар атқарылуда.
Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 17 692 шақырым құрайды. Республикалық маңызы бар жолдар – 678 шақырым (жақсы жағдайда 95%); облыстық маңызы бар жолдар – 3983 шақырым (жақсы жадайда 93,7%); аудандық маңызы бар жолдар – 1 726 шақырым (жақсы жағдада 93,7%); елді мекен көшелері – 11 305 шақырым (жақсы жағдайда 74%). Биылғы 10 айдың қорытындысымен облыс аумағында 1032 ЖКО тіркеліп, салдарынан 1285 адам дене жарақатын алса, 243 адам қаза тапқан. ЖКО орын алуының негізгі себептері көлік жүргізушілер жолда жүру мәдениетін (қозғалыс жылдамдығын асыру, қарама-қарсы бетке шығу, жол белгілеріне бағынбау және т.б.) сақтамау нәтижесінен орын алуда. ЖКО алу мен жол қозғалысы ережелерін сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, жол саласындағы құзырлы органдармен бірге жыл сайын екі рет күзгі және көктемгі кешенді тексеру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Жолдарды жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары кезінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына қазіргі таңда 5200 шақырым жол таңбасы мен 17 450 дана жаяу жүргіншілер жолағын сызу, 3470 дана жаңа жол белгілері, 23 193 м2 шұңқырларды жамау, 17,1 шақырым тегістеу қабаты салынып, 60 жерге жасанды жол кедергілері орнатылды. Жыл соңына дейін жұмыстар жалғасатын болады. Сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 30 жерге үй жануарларының макеттері қойылды.
Түркістан облысы Полиция департаментінің жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын учаскелер тұрақты зерделеніп, нәтижесінде жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын 80 учаске анықталған. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар жолдарда – 17 учаске; облыстық маңызы бар жолдарда – 19 учаске; аудандық маңызы бар жолдар мен көшелерді – 44 учаске. Облыс бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын учаскелер тұрақты зерделеніп, қажеттілікке байланысты және тұрғындар мен көлік жүргізушілердің сұраныстарын негізге ала отырып, тиісті орындарға биыл 100 жерге «Мерген» камераларын орнату жоспарланған болатын. Қазіргі таңда, «Мерген» камералары толығымен орнатылып, ЕРАП жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар облыстағы жол-көлік оқиғаларының себептерін зерделеу және алдын алу бойынша ведомостаралық жұмысшы топ құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда, облыс аумағындағы республикалық маңызы бар тас жолдарда апаттылықтың саны едәуір азайған. Себебі, республикалық маңызы бар жолдарда орнатылған ара қашықтықты есептейтін жылдамдық өлшегіш жүйесі іске қосылып өз нәтижесін беруде. Жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жалғасын табады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат