БАШҚҰРСТАНДЫҚ ПРОФЕССОР ТҮРКІСТАНДА КӨЗ КЛИНИКАСЫН АШПАҚ

Түркістанға арнайы сапармен келген Уфа қаласында орналасқан "OPTIMED" лазерлік көруді қалпына келтіру орталығының профессоры Булат Азнабаев облыстың инвестициялық әлеуетімен танысты. Жоғары дәрежелі офтальмохирург-дәрігерге облыстық инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Шонбасов пен "Turkistan invest" агентігінің өкілдері облыс орталығындағы арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ территориясын көрсетті. Кездесу барысында сала мамандары инвесторларға берілетін жеңілдіктермен таныстырды. Көз дәрігері Булат Маратұлының айтуынша, бүгінде лазерлік ота арқылы көру қабілетін қалпына келтіру бағытында қызмет көрсететін көз клиникаларына деген сұраныс жоғары. Сондықтан, орталыққа келетін қазақстандық емделушілердің көптігіне байланысты Қазақстанның бірнеше аймағынан көз клиникасын ашуды жоспарлап отырғанын айтты.

 

Түркістан мектептерінде «Өз мәртебеңді біл!» атты кездесу өтті

Түркістан қаласы Хамзаатындағы2 жалпыортамектебіндеағымдағыжылдың 19 қазанкүніТүркістаноблысы «ОблыстықЖИТС-тіңалдыналужәнеоныменкүресорталығы» МКҚК-ныңұйымдастыруымен 10-11 сыныпоқушыларыарасындаАИТВинфекциясыныңалдыналумақсатында «Өзмәртебеңдібілтақырыбындакездесуұйымдастырылды. КездесугесалауаттыөмірсалтынқалыптастыруорталағыныңатқарушыдиректорыШыңғысАбдикулов, дәрігер-эпидемиологҚуанышДихамбаев, әлеуметтікқызметкерЭлшодТуяқов, мұғалімМаратКенжегуловтарқатысты. Іс-шарамақсаты - оқушыларғаАИТВ/ЖИТСтуралышынайыақпаратбереотырып, олардымінез-құлықдағдысынаүйретужәнеАИТВ-менөмірсүрушіадамныңқұқықтарынақұрметкөрсетугетәрбиелеу. Дәрігермамандароқушыларғажұқпалыаурудыңалғашқыбелгілері, одансақтанужолдары, алдыналутәсілдерітуралымәліметтерберді. ОқушылардыАИТВ-ныңалдыналушараларытуралыбілуге, өзденсаулықтарынажауаптыболуға, салауаттыөмірсалтынұстануға, психикалықденсаулығынсақтауға, зияндыәдеттерденаулақболуғашақырды. Оқушыларғаақпараттықплакаттарменброшюралартаратылды.

ШЫМКЕНТТЕ ЖҮРЕККЕ ТІЛІКСІЗ ҚОНДЫРҒЫ ОРНАТЫП БЕРДІ

Шымкент қаласындағы №2 ауруханасының дәрігерлері жүрегінде ахауы бар науқасқа тың әдіспен ота жасады. Коронароангиография әдісі арқылы тексеру жүргізген аурухана дәрігерлері пациентте жүрек қан тамырларының тарылуын анықтаған.

72 жастағы пациент ағымдағы жылдың 10-қазан күні №2 қалалық ауруханаға келіп түскен. Түскен кездегі шағымы төс аймағының ашып, шаншып ауырсынуы. Науқас жүру барысында қимыл барысында көкірек тұсының қысып, ентігіп шаршап ашуын айтқан. Онымен қоса, науқаста қосымша артериялық гипертония және қант диабеті болған. Науқас кардиология бөлімшесіне жатқызылып, толық тексеруден өткен. Тексеру барысында науқаста жүректің ишемиялық ауруы анықталған.

Коронароангиография әдісі арқылы тексеру жүргізген аурухана дәрігерлері науқастың жүрек қан тамырларының тарылуын анықталған. Яғни оң жақ және сол жақ тәж артерияларының 80-%ға тарылуы. Осыған орай аурухана бас дәрігері Асқар Мұратұлының басқаруымен консилиум құрылып, жедел түрде науқасқа стент қою шешімі қабылданған.

Отаға бас дәрігер Асқар Мұратұлы өзі қатысып, науқасқа сәтті түрде стент қойылды. Операция 50-минутқа созылған. Бұл әдісте қан тілігінсіз ота жасалады. Ота аяқталған соң, науқас бірден палатаға ауыстырылып, 30 минуттан кейін өздігімен тұрып жүрген.

Науқастың қазіргі жағдайы бір қалыпты. Стационарлық бақылау кезінде ангинальді ауырсыну байқалмаған. Науқастың жағдайы жақсаруымен емдік ұсыныстар тағайындалып, қазіргі таңда отбасына оралды.

Жүрегіндегі дертін емдеген ақ халаттыларға науқас алғысын білдірді.

“Үлкен рахмет осындай дәрігерлерге. Коллективті басқарған Асқар Рахматалиевке. Отбасыларына береке берсін, істері алға бассын. Мен ешқандай жаман сөз естімедім. Өз жанұямда жүргендей сезіндім. Халықтың рахметін алып жүре беріндер”-дейді пациент.

ШЫМКЕНТТЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ АУРУХАНА МЕН КЛИНИКАЛЫҚ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкенттегі “Бозарық-2” шағын ауданында 800 орындық университеттік көпбейінді аурухана мен ауысымына 700 адам қабылдайтын клиникалық-диагностикалық орталықтың құрылысы басталды.

 Ресми ашылуға қала әкімі М.Әйтенов, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік басқармасының басшылары, «САУТС-Ойл» компаниясының президенті С.Сейітжанов, “China Machinery Engeneering Corporation” директоры Ху

Джанху, университет ректорлары, профессорлар, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Жоба арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында Шымкент қаласының Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2026 жылға дейінгі өңірлік перспективалық жоспарына сәйкес іске асырылуда.

Нысандар жеке инвестор-“Оңтүстік”қаржы сауда-өнеркәсіптік корпорациясы» холдингі есебінен қаржыландырылуда, нәтижесінде қалада жаңадан 2500-нан астам жұмыс орыны ашылмақ.

Шараның салтанатты ашылуына қатысқан шаһар басшысы:

Президентіміз Жолдауында басымдық бергендей, ел экономикасы мен халықтың денсаулығы арасында тікелей байланыс бар екені белгілі. Экономикалық дамудың әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, дені сау ұлт тиімді экономиканы қалыптастырады. Ұлт саулығы өндіріс ресурсы, кез келген қоғамдық жүйенің басты байлығы болып табылады. Осы орайда, қаламызда жаңа заманауи аурухана салу халыққа медициналық көмектің сапасын арттыратындығына, төсек-орын тапшылығын қысқартуды қамтамасыз етіп, қаламыздың тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін,-дей келе заманауи нысан салуға мұрындық болған «Оңтүстік» қаржы сауда-өнеркәсіптік корпорациясы» холдингінің, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының командасына және жеке С.Сейтжанұлына белсенді азаматтық ұстанымы мен шаһардың денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін алғыс білдірді. Ал «САУТС-Ойл» компаниясының президенті С.Сейітжанов мегаполисті көркейту, дамытуда жолында аянбай еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді. “Шым шаһардың гүлденіп, түрленуіне әрбіріміз үлес қосқанымыз жөн. Өйткені Шымкент - біздің ортақ үйіміз. Ал ұлт саулығы Қазақстан болашағы үшін өте маңызды, дені сау ұлт қана Отанын дамыта алады”-деді ол.

 Қала әкімдігі тарапынан бұл бастамаға жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Қазіргі таңда жобаны іске асыру үшін Бозарық-2 шағын ауданында орналасқан жалпы ауданы 150 га арнайы аурухана құрылысы үшін бөлінген жер учаскесіне қажетті инфрақұрылым жүйелері атап айтқанда, электр, газ, су, кәріз жүйесі, телефония жеткізілді. Алдағы уақытта құрылыс кезеңінде қажетті жолдар мен жол инфрақұрылымының құрылысы қамтамасыз етіледі.

ШЫМКЕНТ: ДӘРІГЕРЛЕР АНГИОГРАФИЯ КӨМЕГІМЕН 52 ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Шымкенттегі №2 қалалық ауруханасының дәрігерлері инсульт алған 52 жастағы азаматтың ми қан тамырына күрделі отаны пышақсыз жасап, ажалдан арашалап қалды.

 Науқас ауруханаға 9 қазан күні өте ауыр халде түседі. Жедел тексеруден өтіп, одан сол жақ ми ортаңғы артериясында тромбоз белгілері анықталады. Дәрігерлер оған инсульт диагнозын қояды. Нақтырақ айтқанда, ишемиялық инсульт - қан тамырларының тромбтармен бітелуі. Бұған қоса науқастың оң жақ аяғы мен қолы толығымен салданып, сөйлеу және есту қабілетінен айырылады.

 Науқас ауруханаға жеткен сәтте инсульт алғанына 3-сағаттан астам уақыт болған. Дәрігерлер оған шұғыл түрде ота жасауға шешім қабылдап, операция ангиография аппараты арқылы пышақ тілігінсіз жасалады.

 Қауіпсіз отаны аурухананың бас дәрігері әрі қаланың штаттан тыс бас рентгенхирургі, жоғарғы санатты дәрігер А.Рахматалиев пен аурухананың рентгенхирургі Н.Қарабаев жасаған. Ота 2-сағатқа созылды.

 “Ангиографиялық аппарат арқылы тромбоэктомия жасадық. Қазіргі таңда науқас өзін өте жақсы сезінеді. Өзі тұрып-жүріп, сұрақтарға толық жауап бере алады. №2 қалалық аурухананың инсульт орталығы 3-деңгейде жұмыс жасайды. Егер науқастар инсульт ерте басталғаннан 4,5-6 сағат аралығында ауруханаға келіп түсетін болса, жоғарғы сапалы мамандандырылған технологиялық медициналық көмек беріп үлгереміз. Мұндайда көптеген науқасты аман алып қалуға мүмкіндігіміз жоғары болады”-дейді орталық меңгерушісі Р.Исабекұлы.

Науқас отадан соң бір сағат ішінде толық есін жинап, оң жақ аяқ-қол қызметі толығымен қалыптасқан. Сөйлеу, есту қаблеті де қайта қалпына келген. 1-күн қарқынды терапия блогында бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды. Қазір жағдайы жақсы.

 Дәрігерлердің көмегімен ажалдан аман қалған азамат ақ халаттыларға алғысын жаудырды.

ШЫМКЕНТТЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ДЕРТКЕ НАРКОЗСЫЗ ОТА ЖАСАЛДЫ

Шымқалада дәрігерлер алғаш рет сирек кездесетін дертке шалдыққан науқасқа күрделі ота жасады. №2 қалалық аурухана базасында тың әдіспен жасалған операция кезінде хирургтар наркозды қажет етпейтін, асқынуларды болдыртпайтын хирургиялық ем тәсілін қолданған.

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні аталмыш ауруханада 1986 жылы туылған науқас келіп түскен. Пациенттің ауруханаға түскен кездегі шағымы сүйек буындарының ауырсынуы, дене бітімінің кішірейуі, бойының шөгуі болған. Онымен қоса науқас бүйректің созылмалы шамасыздығы салдарынан 9 жыл бойы гемодиализ қабылдаған. Тексеру барысында сондай-ақ, науқаста кальций-фосфор алмасуы бұзылғаны анықталған. Шұғыл арада дәрігерлер консилиумі құрылып, пациенттің өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер күрделі ота жасауға шешім қабылдайды.

№2 қалалық аурухана базасында науқасқа қалқанша маңы безі артерияларының эмболизация отасы жасалынды. Операция сәтті аяқталып, соның нәтижесінде науқастың ауырсынуы басылған.

- Операциядан кейін науқастың сүйек буынындағы, қанындағы парат-гормон деңгейі 7 күнде 1733 пг/мл-ге дейін төмендеген және одан да төмен түсуі күтілуде. Сондықтан науқас қатаң бақылауға алынып әр аптада қан талдауға алынуда. Бір науқастың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер командасы болып жұмыс істеп, консилиум құрдық- деді, дәрігер/нефролог Мадияр Қыстаубаев.

Консилиум құрамында білікті дәрігерлер №2 қалалық ауруханың бас дәрігер орынбасары А. Жакибаев нефрология бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.к. Ж. Рсалиева, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс нефрология бойынша бас маманы М. Қыстаубаев және нефрология бөлімшесінің дәрігерлері Р. Кенешбаева П. Мирзахановтар болды.

Шымкент: 4 кезеңнен де сүрінбей өткен мамандар

Жуырда жедел медициналық жәрдем қызметі бригадаларының республикалық спартакиадасы өтіп, Шымкент қаласының командасы жеңімпаз атанған болатын. Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков үздіктерге құрмет көрсетті.

Жиынға Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлері қатысты.

— Шымкенттік мамандар Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мен Қазақстан Республикасының Жедел медициналық көмек қауымдастығы бірлесіп өткізген республикалық спартакиадада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 18 команда және Өзбекстан құрамасымен бақ сынап, сайыс нәтижесі бойынша үздік деп танылды. Республикалық сайыс келер жылы Семей қаласында өтеді. Біздің мамандар келер жылы да жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз, - деді Нұрлыбек Абибуллаұлы.

Ал, Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнар Мамытқызы іріктеу барысын баяндап берді.

– Маусым айында қала күні әрі медицина қызметкерлерінің күніне орай жергілікті жедел жәрдем станцияларының бригадалары арасында қалалық жарыс ұйымдастырдық. Соның жеңімпаздарының арасынан іріктеп, Шымкент қаласының командасы жасақталды. Құрамында бір дәрігер мен екі фельдшер бар. Барлығы жас мамандар, білікті. Осы республикалық спартакиадаға екі ай дайындалдық. Спартакиадаға әр өңір ең мықтыларын алып келді. Дегенмен, біз жеңіске жеттік. Бұл Шымкент қаласындағы жедел жәрдем қызметінің сапасын да көрсететін жетістік екенін мақтанышпен айта аламыз, – дейді Гүлнар Мамытқызы.

Мамандар спартакиада барысында 4 кезеңнен де сүрінбей өткен.

— Топтағы фельдшерлердің біліктілігі мен тәжірибесінің нәтижесінде үздік көрсеткішке жеттік деп білемін. Мәселен, командадағы фельдшер Талғат Дәуренбайдың жедел жәрдемде 6 жыл еңбек өтілі болса, Адинай Успанованың келгеніне небәрі 2 жыл ғана болған. Алайда, жол-көлік апаты, үй жағдайында босану, суға батқан балаға көмектесу сынды сынақтарда барынша жедел әрі тиімді көмек көрсетілді. Шынайы кейіпкерлермен өткізілген сынақтарды мамандар бағаласа, муляждармен жасалған тапсырмаларды қазылардан тыс, компьютер бағалады, - дейді Шымкент құрама командасының дәрігері Ғабит Өмірәлиев.

Салтанатты жиын соңы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медицина ұйымдары басшыларының қатысуымен кеңейтілген отырысқа ұласты. Мамандар басқосуда медициналық қызмет сапасын жақсарту бойынша өзара пікір алмасып, саладағы мәселелердің шешу жолдары қарастырды.

 

Отырарда «белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды

Түркістан облысы Отырар ауданында «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылды. Орталық құрметті еңбек демалысына шыққан барлық еңбек ардагерлерінің басын біріктіретін бірегей ортаға айналмақ. Мұнда ардагерлердің бос уақыттарын тиімді өткізуге мол мүмкіндік жасалған. Олар өзара әңгімелесе отырып, шығармашылықпен айналысады, медициналық көмек алады, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен де шұғылдана алады.