Ал, Ж.Ералиев ауылдық округінің Бәйтерек елді мекенінде ашылған «Бәйтерек» дәрігерлік амбудаториясында 10 қызметкер жұмыс істейді. 2150 тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. 1963 жылы салынған ескі ғимараттың тозығы жетуіне байланысты жаңа нысанның құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталған. Денсаулық сақтау нысандарының салтанатты ашылуына Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен өзге де азаматтар қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы қуаныштарымен құттықтады. Нысандардың ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Аса қажетті білікті кадрлармен және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін, медициналық нысанның елге көмек көрсетуге толық дайын екенін айтты. Қонақтар медицина мекемелерін аралап көріп, жұмысымен танысты.
Айта кетейік, Жетісай ауданындағы 70 денсаулық сақтау нысанында 486 төсек-орын қарастырылған, 381 ақ желеңді қызмет етеді. Биылғы 8 айда 2242 бала туылып, табиғи өсім 9,6-ны құраған.Тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында биыл 1 аурухана күрделі жөндеуден өтуде. Одан бөлек, 2 дәрігерлік амбулатория мен 6 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысында бүгінгі таңда денсаулық саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Денсаулық сақтау саласында облыс бойынша 219 мекеме халыққа қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі нысандарды жаңғыртуға ерекше назар аударылуда. Өткен жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 49 жаңа нысан салынып, пайдалануға берілді. Қосымша, 73 нысанға қажеттілік бар. Нақты жоспар түзіп, 3 жылда кезеңкезеңімен шешуді жоспарлап отырмыз. Биылғы жылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен 32 жаңа ғимараттың мәселесі шешіледі. 3 аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында 60 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Медициналық ұйымдарды материалдықтехникалық жарақтандыру деңгейі 84,5%-ға жетті.
Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. 2025 жылдың 10 айында Түркістан облысында негізгі медико-демографиялық көрсеткіштер тұрақты сақталып отыр. Ең маңыздысы – ана өлімінің 63,3%-ға төмендеуі. Бұл көрсеткіш өңірдегі перинаталдық қызметтің едәуір жақсарғанын көрсетеді. Нәресте өлімі 21,6%-ға, ал бала өлімі 14,1%-ға азайған. Мұндай нәтижелер алғашқы медициналық көмектің күшеюі, перинаталдық орталықтардың материалдық-техникалық базасының жаңаруы, тәуекел топтарына бақылаудың күшеюі және ерте анықтау шараларының тиімді жүргізілуімен байланысты. Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында өңірде «Даму және ерте араласу» орталықтары жұмыс бастап, Облыстық балалар ауруханасында офтальмологиялық орталық ашылды. Өңірде жоғары технологиялық медициналық көмек көлемі артты.
Ауылдық жерлердегі жүкті әйелдердің қолжетімді медициналық қызмет алуы үшін перинаталдық орталықтарда ашылған «Салауатты ана» пансионаттары 100-ден астам әйелге қолдау көрсетті. Сонымен қатар облыс деңгейінде жетекшілік ететін аудандарға виртуалды қарап шығу жүйесі енгізіліп, күрделі жағдайларды дер кезінде анықтау күшейтілді. Генетикалық зерттеулерді жетілдіру үшін бес бірлік эксперттік УДЗ аппараты сатып алынды. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша бөлінген ЭКО квотасымен 207 бала дүниеге келген, олардың 18-і – егіздер.
2025 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 14,8 млрд теңге бөлініп, 300 мыңдай науқас дәрілік заттармен қамтылды. Жергілікті бюджеттен орфан ауруларына шалдыққан 264 науқасты қамтамасыз етуге 4,6 млрд теңге қаралды. 2025 жылы дайын ғимараттарды сатып алу механизмі арқылы 34 медициналық нысанның құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін тапсырылады. 6 нысанда күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Кентау қалалық ауруханасының жөндеу жұмыстары желтоқсанда аяқталады. Қазығұрт және Шардарадағы ауылдық ауруханаларда жөндеу толығымен біткен. Түркістанда салынған көпбейінді аурухана құрылысы ерекше назарда.
Ауылды жерлердегі ауруханаларға заманауи техникалар сатып алынды. Сонымен қатар онкологиялық қызметті жақсарту үшін 11 түрлі диагностикалық жабдық жеткізілді.PACS жүйесін енгізу арқылы радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру жобасы іске асуда. Бұл жасанды интеллект арқылы рак ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік береді. Түркістан қалалық емханасында енгізілген «дауыстық робот» дәрігер қабылдауына шақыруды автоматтандырып, 74 мыңнан астам азаматқа хабарласты. Оның 36 мыңнан астамы тексеруден өтуге келісім берген. 2025 жылы облыстың денсаулық сақтау саласына 40,3 млрд теңге қарастырылды. 2025 жылдың 10 ай қортындысымен медико-демографиялық көсеткіштер қазіргі жағдайда тұрақты. Жоспарға сәйкес, орындалып келе жатыр.
- Жалпы өлім-жітім деңгейі – бір деңгейде сақталды.
- Ана өлімі 63,3%-ға төмендеп, көрсеткіш 5,3 құрады.
- Нәресте өлімі 21,6%-ға, бала өлімі 14,1%-ға төмендеді.
Бұл алғашқы медициналық көмекті күшейту, перинаталдық қызметті, материалдық техникалық базаны жетілдіру және тәуекел топтарына бақылауды күшейту жұмыстарының нәтижесі.
Денсаулық сақтау жүйесін дамыту мақсатында 2025 жылы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту негізінде сәулелік диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілуде, олар:
- Магнитті-резонанстық томограф
- Жасанды қан айналым аппараты
- Компьютерлік томограф
- Экспертті санаттағы УДЗ (УЗИ)
- Бейнеэндоскопиялық жиынтық
- Маммографиялық жүйе
Сонымен қатар онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды орындау мақсатында, 11 дана диагностикалық құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Түркістан облысына қарасты медициналық ұйымдарда 2025 жылы Республикалық бюджет қаражаты есебінен науқастарды амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС-не алдын ала өтінімге 18,7 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға өтінім беріліп, бүгінгі күнге дейін 13,9 млрд теңгеге игерілді. Стационарлық деңгейде тұмауға қарсы вирустың алдын алу үшін және дәрілік заттар тапшылығын жою мақсатында олардың төмендемейтін қоры қалыптастырылып, екі айлық резервтік қоры жасақталған. Бүгінгі күнге медициналық ұйымдарда жеке қорғаныш құралдарының қоры жасақталып, (СИЗ) жеке қорғаныс құралдарының қоры жасақталып, бір реттік қолданылатын қорғаныш киімі – 55 078 дана, бір реттік қолданылатын бетперделер – 2 686 142 дана, төрт қабатты хирургиялық бетперделер мен респираторлар – 62 292 дана, бір реттік қолданылатын медициналық қолғаптар – 1 252 862 дана және антисептикалық ерітінділер – 57 627 литр көлемінде қоры бар.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысы бойынша медициналық ұйымдар толығымен компьютерлік техникамен қамтамтылды. Мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдар бірыңғай «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесіне және облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы «Көмек» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауда. «Дамумед» және «Көмек» ақпараттық жүйесі арасында және науқастарға сапалы әрі жедел медициналық қызмет көрсету мақсатында интеграциялау жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен және егов порталымен де интеграцияланған. Дәрігерлер және орта буынды дәрігерлер медициналық ақпараттық жүйесімен жұмыс істеуге толығымен оқытылған.
Сонымен бірге, облыс тұрғындары түгелімен электронды паспорты қамтылған. Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу, дәрігерді үйге шақыру және медициналық анықтамаларды алу қызметтері электронды түрде атқарылады. Медициналық ұйымдар ішінара қағазсыз құжат айналымына көшірілді. Әр емханада науқастарға цифрлық көмек көрсету посттары және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, электронды түрде қызметтер алуда. Қашықтықтан және консультатциялық қызметтер көрсету негізінде аудан және қала орталықтарындағы медициналық ұйымдарда телемедицина жүйесімен қамтылған.
Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект жүйесін енгізу бойінша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда: жасанды интеллектіні қолдану арқылы радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру» жобасы іске асыру арқылы PACS-жүйесін енгізе отырып медициналық бейнелерді, сондай-ақ олармен байланысты деректерді сақтауға, басқаруға, беруге және көрсетуге арналған кешен, медициналық шақыртуларға арналған дауыстық роботтар, Сerebra – ми инсультін автоматтандырылған диагностикалауға арналған бағдарламалық жүйесі енгізілуде.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат