Дәрігерлік амбулаториясында заманауи үлгіге сай фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емшара бөлмесі, қабылдау бөлмесі, физ кабинет, дәріхана бөлмесі, 4 төсекке арналған күндізгі аурухана бөлмелері, дені сау бала бөлмесі, тіс дәрігерінің бөлмесі, қызметкерлерге арналған бөлмелер бар. Шара барысында аудан әкімі ғимаратты сапалы соғып, құрылысын уақытында аяқтаған мердігерлерді арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Ал ауыл ақсақалдары игі іске мұрындық болған жандарға ақ баталарын берді. Жергілікті тұрғындарға қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылы аудан аумағындағы медициналық тіректі қажет ететін Мақталы, Тастыбұлақ, Шақпақ-баба мен Азаттық ауылдарында заманауи жаңа нысан соғылып пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін Қызылбастау ауылындағы медициналық нысан халық игілігіне қолданысқа берілмек.
Қазрігі таңда Түркістан өңірінде шалғай ауылдарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Заманауи медициналық пункттер ашылып, қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылуда. Бұл бастамалар тұрғындардың дәрігерлік көмекке қолжетімділігін арттырып, денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыста негізгі медико-демографиялық көрсеткіштер тұрақты түрде сақталған. Ана өлімі 63,3%-ға, нәресте өлімі 21,6%-ға, ал бала өлімі 14,1%-ға төмендеген. Бұл көрсеткіштер перинаталдық орталықтардың материалдық-техникалық базасының жаңаруы, алғашқы медициналық көмек жүйесінің күшеюі және тәуекел топтарына бақылаудың тиімді жүргізілуінің нәтижесі болып отыр. Атаулы жобалар қатарында «Даму және ерте араласу» орталықтары мен Облыстық балалар ауруханасында ашылған офтальмологиялық орталық ерекше орын алады.
Ауылдық жерлерде жүкті әйелдер мен жаңа туған балаларға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін «Салауатты ана» пансионаттары ашылып, 100-ден астам әйелге қолдау көрсетілген. Сонымен қатар облыс көлемінде күрделі жағдайларды дер кезінде анықтау мақсатында виртуалды қарап шығу жүйесі енгізілген. Генетикалық зерттеулерді жетілдіру үшін бес бірлік эксперттік УДЗ аппараты сатып алынған, ал «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 207 бала дүниеге келді, олардың 18-еуі егіздер. Медицина инфрақұрылымын жаңарту аясында 2025 жылы 34 медициналық нысан дайын ғимараттарды сатып алу арқылы пайдалануға берілетін болса, 6 нысанда күрделі жөндеу жүргізілуде. Кентау қалалық ауруханасында жөндеу жұмыстары желтоқсанда аяқталады, Қазығұрт және Шардарадағы ауылдық ауруханалар толығымен жаңартылды. Түркістан қаласында салынып жатқан көпбейінді аурухана да ерекше назарда.
Ауылдық жерлердегі ауруханалар заманауи техникалармен жабдықталып, онкологиялық қызметті жетілдіру үшін 11 түрлі диагностикалық құрал-жабдық жеткізілді. Радиологиялық зерттеулерді орталықтандыруға арналған PACS жүйесі енгізіліп, жасанды интеллект арқылы рак ауруларын ерте анықтау мүмкіндігі артты. Түркістан қалалық емханасында енгізілген «дауыстық робот» дәрігер қабылдауына шақыруды автоматтандырып, 74 мыңнан астам азаматқа хабарласқан, олардың 36 мыңнан астамы тексеруден өтуге келісім берген.2025 жылы облыстың денсаулық сақтау саласына жалпы 40,3 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға, заманауи инфрақұрылымды дамытуға және халыққа қолжетімді медициналық көмек ұсынуға бағытталған.
Денсаулық сақтау саласында облыс бойынша 219 мекеме халыққа қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі нысандарды жаңғыртуға ерекше назар аударылуда. Өткен жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 49 жаңа нысан салынып, пайдалануға берілді. Қосымша, 73 нысанға қажеттілік бар. Нақты жоспар түзіп, 3 жылда кезеңкезеңімен шешуді жоспарлап отырмыз. Биылғы жылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен 32 жаңа ғимараттың мәселесі шешіледі. 3 аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында 60 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Медициналық ұйымдарды материалдықтехникалық жарақтандыру деңгейі 84,5%-ға жетті.
Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. 2025 жылдың 10 айында Түркістан облысында негізгі медико-демографиялық көрсеткіштер тұрақты сақталып отыр. Ең маңыздысы – ана өлімінің 63,3%-ға төмендеуі. Бұл көрсеткіш өңірдегі перинаталдық қызметтің едәуір жақсарғанын көрсетеді. Нәресте өлімі 21,6%-ға, ал бала өлімі 14,1%-ға азайған. Мұндай нәтижелер алғашқы медициналық көмектің күшеюі, перинаталдық орталықтардың материалдық-техникалық базасының жаңаруы, тәуекел топтарына бақылаудың күшеюі және ерте анықтау шараларының тиімді жүргізілуімен байланысты. Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында өңірде «Даму және ерте араласу» орталықтары жұмыс бастап, Облыстық балалар ауруханасында офтальмологиялық орталық ашылды. Өңірде жоғары технологиялық медициналық көмек көлемі артты.
Бүгінгі күнге медициналық ұйымдарда жеке қорғаныш құралдарының қоры жасақталып, (СИЗ) жеке қорғаныс құралдарының қоры жасақталып, бір реттік қолданылатын қорғаныш киімі – 55 078 дана, бір реттік қолданылатын бетперделер – 2 686 142 дана, төрт қабатты хирургиялық бетперделер мен респираторлар – 62 292 дана, бір реттік қолданылатын медициналық қолғаптар – 1 252 862 дана және антисептикалық ерітінділер – 57 627 литр көлемінде қоры бар. Түркістан облысына қарасты медициналық ұйымдарда 2025 жылы Республикалық бюджет қаражаты есебінен науқастарды амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС-не алдын ала өтінімге 18,7 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға өтінім беріліп, бүгінгі күнге дейін 13,9 млрд теңгеге игерілді. Стационарлық деңгейде тұмауға қарсы вирустың алдын алу үшін және дәрілік заттар тапшылығын жою мақсатында олардың төмендемейтін қоры қалыптастырылып, екі айлық резервтік қоры жасақталған.
2025 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 14,8 млрд теңге бөлініп, 300 мыңдай науқас дәрілік заттармен қамтылды. Жергілікті бюджеттен орфан ауруларына шалдыққан 264 науқасты қамтамасыз етуге 4,6 млрд теңге қаралды. 2025 жылы дайын ғимараттарды сатып алу механизмі арқылы 34 медициналық нысанның құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін тапсырылады. 6 нысанда күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Кентау қалалық ауруханасының жөндеу жұмыстары желтоқсанда аяқталады. Қазығұрт және Шардарадағы ауылдық ауруханаларда жөндеу толығымен біткен. Түркістанда салынған көпбейінді аурухана құрылысы ерекше назарда.Ауылды жерлердегі ауруханаларға заманауи техникалар сатып алынды.
Сонымен қатар онкологиялық қызметті жақсарту үшін 11 түрлі диагностикалық жабдық жеткізілді.PACS жүйесін енгізу арқылы радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру жобасы іске асуда. Бұл жасанды интеллект арқылы рак ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік береді. Түркістан қалалық емханасында енгізілген «дауыстық робот» дәрігер қабылдауына шақыруды автоматтандырып, 74 мыңнан астам азаматқа хабарласты. Оның 36 мыңнан астамы тексеруден өтуге келісім берген.Жалпы, Түркістан облысының денсаулық сақтау саласындағы кешенді дамуы – өңірдің экономикалық дамуына тікелей серпін беріп, халықтың өмір сапасын арттыруға, ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын жаңартуға және инвестициялық тартымдылығын күшейтуге бағытталған стратегиялық қадам болып отыр.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат