- Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше мән беріп отыр. Биыл қазынадан Шымкент қаласына қаралған қаражат мақсатты игерілуі қажет. Бұл инфрақұрылымды жақсартып, барлық саланың әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. Сондықтан біз бар күш-жігерімізді қаланың дамуына жұмсап отырмыз, - деді М.Дүйсенбекұлы.Аумағы 49 704 гектарды құрайтын Абай ауданында 323 мыңға жуық тұрғын бар. 34 шағынаудан мен тұрғын алаптың оны 2014 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысынан қала аумағына өткен. Бүгінде таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 78,5% құрайтын ауданда нақты жұмыстар қолға алынып, 5 тұрғын алапты ауыз сумен қамтитын магистралды су жүйесінің құрылысы жүруде. Сондай-ақ, Жаңаталап, Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке - 20 жыл, Көкбұлақ, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжайдағы 7232 үйге ауыз су жүйелері тартылуда. Жоспарлы жұмыстар аяқталса, аудан халқының 86% таза ауыз сумен қамтылады.
Биыл Абай ауданындағы 49 көшені жөндеуге бюджеттен 1 099,6 млн теңге қаралып, жөндеу жұмыстары қарқынды атқарылуда. Соңғы 10 жылда аудандағы 219 аулаға балалар ойын алаңшасы мен 50 спорт алаңы орнатылған. 2019 жылы мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында 45 аулаға ойын алаңшасы салынып, тұрғындардың игілігіне берілді. Биыл 41 аулаға балалар алаңшасы құрылысына 637,4 млн, 8 спорт алаңын орнатуға 131,5 млн теңге бөлініп, жұмысматқарылуда. Осы бағытта атқарылған жұмыстармен тыңғылықты танысқан қала басшысы Абай ауданында ауқымды жұмыс бар екенін айтып, құрылысы жүріп жатқан барлық нысандардың сапасына мән беруді әрі тұрақты бақылауды жауапты мамандарға тапсырды. Жұмыс сапары аясында М.Әйтенов Водопьянов көшесіндегі өткен жылы өртенген үйдің орнына салынып жатқан 85 пәтерлі үйдің құрылысымен танысты. Тапсырыс беруші «Шымкент» ӘКК» АҚ мен мердігер «Отау Строй» компаниясына құрылыс жұмыстарын Қала күніне орай аяқтап, баспана кілтін тұрғындарға уақытынан ертерек табыстауды жүктеді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»