Шымкент: «Тәуелсіздікке 20 жыл» елді мекені блок бекеттен босатылады

14 күн бойы қоршауда болған «Тәуелсіздікке 20 жыл» елді мекені блок бекеттен босатылады. Бұл туралы қала әкімінің 1-орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді. Жалпы, коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны Шымкентте 38-ге жетті. Ал қала билігі дертпен күрес жұмыстарын қатаң бақылауда ұстап отыр. 

Шымкент: Мұқтаж жандар билікке разы

«Сіздің есебіңізге 50 000 теңге түсті. #BizBirgemiz #МыВместе #Елбасы #NurOtan». Дәл осындай хабарламаларды әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын қазақстандық отбасылар алып жатыр. Мұқтаж азаматтарға мұндай ақша «Birgemiz» қорынан аударылған. Ал 50 мың теңге қаржыға қол жеткізу үшін әкімдіктің есігін қағып, табалдырық тоздырудың қажеті жоқ. Жергілікті атқарушы билік органдары арнайы мониторинг жүргізіп, мұқтаж отбасылар тізімін жасаған. 

Шымкент: 135 мыңнан астам адам 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алды

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметіне сенсек, төтенше жағдай режимiне байланысты, 125 588 қала тұрғынына 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы электрондық өтініштер (электрондық үкімет пен Еңбек және халықты қорғау министрлігінің сайттары, сондай-ақ Telegram арқылы рәсімдеу) арқылы, ал 10 185 азаматқа белсенді өтініштер (SMS) арқылы тағайындалды. 

Шымкент: Қала аумағында жауын-шашынның салдары жойылды

Шымкентте екі күн қатарынан толассыз жауған жауын суы бірқатар аулаларға кірген. Сәуірдің 12-13 күндері төтенше жағдайлар қызметіне Қаратау және Абай аудандарының аумағынан өрт сөндіру және құтқару бөлімшелеріне екі рет шақырту келіп түскен. Құтқарушылар мекенжай бойынша барып, көше бойындағы бірқатар үйлердің аулаларын жауын суынан тазалау жұмыстарын атқарды. 

Түркістан: Сарыағаш ауданының әкімі #Bizbizgemiz акциясына өз үлесін қосуда

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округіне қарасты Еңкес елді мекенінен COVID-2019 індетімен бір тұрғын тіркелуіне байланысты ауыл толығымен карантинге жабылып, блок-бекеттер тәулік бойы жұмыс істеуде. Жергілікті тұрғындар арасында үрей де жоқ емес. Осындай қиын жағдайда аудандағы тұрмысы төмен отбасылар да назардан тыс қалып жатқан жоқ.

Шымкент: «Birgemiz» қорынан 12 мыңға жуық адамға көмек көрсетілді

Елімізде құрылған «Birgemiz» қорынан 11 мың 997 шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылды. «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының мәліметінше, 15 сәуірге дейін тізімге ілінген 21864 мұқтаж отбасының барлығына көмек көрсетілмек. 

Шымкент: 40 мың 586 азамат 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алды

Елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай салдарынан табысынан айрылған Шымкент қаласының 40586 тұрғыны 42500 теңге төлемді алды. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, елде жарияланған төтенше жағдай кезіндегі 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақыға Шымкентте қалалық жергілікті атқарушы орган арқылы 7098 адам өтініш білдірген.