Рухани шаһарда салауатты өмір салтын ұстануға ерекше көңіл бөлінуде. Осыған орай, қалада спорттық бірнеше ауқымды нысан ашылады деп күтілуде. Атап айтсақ, әкімшілік-іскерлік орталықтағы олимпиада резервін даярлау орталығының есігі айқара ашылды. Сондай-ақ бассейнді спорт кешенінің құрылысы қызу жүріп жатыр. Бассейнді спорт кешені шілде айына дейін аяқталады деп күтілуде. Мұнда суда жүзуден бөлек, хореография, футбол, волейбол сынды түрлі үйірмелер болады.
Сонымен қатар, қала басшысы Рашид Аюпов облыс әкімдігі алдында жүріп жатқан абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тексерді. Шаһар басшысы жол жиегінде қураған ағаштарды мердігерлерге арадағы келісімшарт негізінде қолға алып, жаңасын отырғызуды тапсырған болатын. Белгілі болғандай, қураған ағаштар алынып, орнына мердігерлер есебінен жаңа көшеттер егілуде.
⠀«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
