– Резервшілерді тиісті мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналастыру жұмыстарын жандандыру керек. Конкурстардың мерзімінде өткізілуін бақылауға алыңыздар. Жергілікті мамандарды қолдау керек. Себебі, жергілікті халықтан артық сол аймақтың мәселесін ешкім білмейді. Колледждер мен жоғарғы оқу орындарының үздік түлектерін конкурссыз қабылдау тиімділігін ескере отырып, тиісті шара қабылдаңыздар, – деді Нұралхан Оралбайұлы.
Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Абылайхан Наурызбаев өңірлік кадр резервіне қабылданған резервшілерді мемлекеттік қызметке орналастыру бойынша баяндады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өңірлік кадр резервіне қабылданған азаматтар жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен конкурссыз тағайындала алады. Осы уақытқа дейін резервтегі 32 азаматтың ішінен 17-сі тиісті лауазымдарға тағайындалды. Бүгінгі таңда 15 резервшіні тағайындау жұмыстары жалғасуда. Резервшілерге аудан әкімінің орынбасары лауазымы, бөлім басшысы, бас инспектор, бас маман лауазымдары ұсынылған. Алайда, резервшілер өздеріне ұсынылған лауазымдардан түрлі жағдайларға байланысты бас тартуда. Резервшілердің резервте болу мерзімі – 2 жыл.
Комиссия отырысында мемлекеттік қызметке іріктеу мен өткерудегі өзекті мәселелері де талқыланды. Бүгінде облыстағы жергілікті атқарушы органдардағы бос лауазымдар 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 219-ды (5,8%) құрады. Қазіргі таңда облыс бойынша 70 жас түлек мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды. Бұдан бөлек, Заңда өкілеттілілігі аяқталған ауылдық округ əкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен орналасу мүмкіндіктері де қарастырылған. Жалпы, өңірде осы жылдың 9 айында жалпы бос лауазымдарды толтыру бойынша 874 конкурс жарияланып, өткізілген.
Түркістан облысы – еліміздің ең жас және қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Бұл аймақта жастардың үлесі айтарлықтай жоғары, сондықтан олардың рөлі мен әлеуетін дамыту аймақтың болашағы үшін аса маңызды. Қазіргі таңда жастардың білімі, мәдениеті, шығармашылығы мен кәсіпкерлік саласындағы жетістіктері өңірдің алға басуына үлкен ықпал етуде. Түркістанның жастары – өңірдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуының басты қозғаушы күші. Олар білім алып, жаңа технологияларды меңгеріп, кәсіп ашып қана қоймай, қоғамдық-саяси өмірге де белсенді араласып келеді. Түркістанда жастар ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру және мәдениет салаларында айтарлықтай үлес қосып, өңірдің өркендеуіне қызмет етуде.
Мемлекет жастарды қолдауға ерекше назар аударып, олардың дамуына жағдай жасауда. Түркістанда жас буынды қолдауға арналған бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында университет немесе колледж түлектері тәжірибе жинақтап, өз саласында жұмыс істеуге мүмкіндік алуда. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық жерлерде білім беру, медицина және ауыл шаруашылығы салаларына жас мамандарды тартуға арналған. Бұл бағдарлама бойынша жастарға баспана және қаржылай көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, Түркістан облысында жас кәсіпкерлерге арналған гранттар мен қолдау қаржылары беріледі. Жастардың инновациялық жобаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, олардың бизнесін дамытуға жағдай жасалуда.
Түркістан – еліміздің рухани астанасы және туристік орталығы болғандықтан, туризм саласында жастардың белсенділігі жоғары. Қалада гид, мейрамхана менеджері, туризм нұсқаушысы секілді жаңа мамандықтарды меңгерген жастар көбейіп келеді. Сонымен қатар, ұлттық мәдениетті дәріптеу мақсатында көптеген жастар кәдесыйлар өндіру және дәстүрлі қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысады. Облыстағы жоғары оқу орындары мен колледждер заманауи технологияларға бағытталған білім беруге ерекше көңіл бөлуде. Түркістан халықаралық университетінде жастар IT-технология, инженерия, медицина және туризм сияқты салаларда білім алып, өңірдің дамуына өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар, жастар арасында стартап мәдениеті қалыптасып, инновациялық жобаларды жүзеге асыру белсенді дамып жатыр.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат