Өзбек этносы күні Шымкентте аталып өтті
Бүгін Шымкент қаласындағы Орталық саябақта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» кең көлемде аталып өтті. Бұл мерекелік іс-шара еліміздегі өзбек этномәдени бірлестіктерінің құрылғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келіп, қос мерекенің қуанышын еселей түсті.