Түркістан облысы: Келес ауданындағы Кеңдала, Көгерту елді мекендері қайтарылған активтер есебінен сапалы ауыз сумен қамтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында маңызды инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгін Келес ауданындағы Кеңдала мен Көгерту елді мекендерінде су нысандары ел игілігіне берілді.

Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Медициналық мекеменің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады. Облыс басшысы халықтың денсаулығын жақсарту – басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, өңірде денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында жаңа медициналық мекемелер бой көтеріп жатқанын айтты. Сондай-ақ шалғай ауылдарға дейін сапалы қызметтің қолжетімділігін артыру мәселесі назарда болатынын жеткізді.

Түркістан қаласындағы Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театры биыл 150-ге жуық спектакль сахналаған

Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры биыл 150-ге жуық қойылымды сахналады. Сондай-ақ, театр репертуары осы жылы 6 жаңа қойылыммен толықты. Оның үшеуі ересектерге арналса, қалғаны балаларға арналған. Бұл туралы брифингте театр директоры Арман Алиев мәлімдеді.

Түркістан қаласында саясат пен кәсіпкерлік саласындағы әйелдерге арналған «TOMIRIS» ақпараттық-білім беру семинар-тренингі ұйымдастырылды

Түркістанда әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамыту арқылы олардың саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді қатысуын арттыру мақсатында «Отбасы істері және гендерлік саясатты жүзеге асыру» жобасының аясында «TOMIRIS» ақпараттық-білім беру семинар-тренингі өтті.

Түркістан қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 20 жылдық мерейтойы өтті

Түркістан қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, корпорация қызметкерлері мен сала ардагерлерін мерейтоймен құттықтады.

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ елді мекенінде заманауи ашық және жабық үлгідегі спорт кешені пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары үшін маңызды нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, «Үлгілі ауыл» байқауында жеңімпаз атанған ауыл тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтады.

Түркістан облысы: Қазығұрттағы «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешені жағыртудан өткізіліп, пайдалануға берілді

Түркістан облысы Қазығұрт асуындағы «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешені жаңғыртудан өткізіліп, пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті құттықтады.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, медицина нысандарын аралады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сламжанович Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Кентау қаласында болды. Сапар барысында вице-министр алдымен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Кентау орталық қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның жұмысымен танысты.

Түркістан облысы: Ащысайда өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу жобасын жүзеге асыру мақсатында келіссөздер жүріп жатыр

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылындағы түсті металл комбинаты руднигінің металлургиялық цехына тиесілі қалдықтар қоймасы мен ауыл шетіндегі өндірістік шахта қалдықтарын тиімді пайдалану және қайта өңдеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Аталған қалдықтарды шаруашылық айналымға тарту арқылы экологиялық жүктемені төмендету, өндірістік әлеуетті арттыру және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру көзделіп отыр.

Түркістан облысы: Төлеби ауданындағы Тағайна ауылында медициналық нысан пайдалануға берілді

Төлеби ауданына қарасты Тағайна ауылында алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады. Іс-шара барысында аудан әкімі Мемлекет басшысының халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында денсаулық сақтау саласын дамыту, әсіресе ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті жақындату бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.