Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Келес ауданына жұмыс сапары барысында Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Кеңдала және Көгерту елді мекендерінде салынған ауыз су нысандарының ашылу салтанатына қатысып, тұрғындарды құттықтады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған активтер қаражаты халық игілігіне бағытталып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға ауыз су нысандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етіп, тұрғындарға үздіксіз қызмет көрсету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Іс-шара барысында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев тұрғындарды маңызды әлеуметтік нысандардың іске қосылуымен құттықтап, қуанышын бөлісті. Алдағы уақытта да тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалар жалғасын табатынын жеткізді.
Жаңа ауыз су нысаны арқылы Кеңдала елді мекеніндегі 102 тұрғын үй, 502 тұрғын таза әрі сапалы ауыз сумен қамтылды. Ал Көгерту елді мекенінде іске қосылған нысан арқылы 91 тұрғын үйдің 611 тұрғыны орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Бұл ауыл халқының тұрмыс сапасын арттырып, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына оң әсер етуде. Жалпы, Келес ауданы бойынша 13 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі таңда 12 ауыз су нысанының құрылысы жүргізіліп, олардың басым бөлігінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын. Жобалар толық іске асқан жағдайда аудан тұрғындарын ауыз сумен қамту деңгейі айтарлықтай артады.
Келес ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы соңғы жылдары қарқын алып келеді. Өткен жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 48,2 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 209,4% болды. Биыл 41 млрд теңгеге инвестиция тарту көзделген. Жеке кәсіпкерлер есебінен өткен жылы 3,8 млрд теңгенің 10 жобасы іске асырылып, 235 жұмыс орны ашылды. Биылғы жылдың соңына дейін 63,2 млрд теңгенің 5 жобасын жүзеге асырып, 2180 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.Өнеркәсіп өнімі 5,4 млрд теңгеге жетіп, жоспар 103,1% орындалды. Биыл 6,2 млрд теңгеге жеткізу межеленген. Қыш, асфальт, темірбетон, гофрокартон және сүт өңдеу зауыттарын іске қосу көзделуде. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі өткен жылы 70,1 млрд теңгені құраса, биыл 83,5 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Су үнемдеу технологиясы 1300 гектарға енгізілді, биыл тағы 1171 гектарға енгізілді. «Жайлы мектеп» жобасы аясында өткен жылы 600 орындық мектеп және үш елді мекенде 300 орындық мектептер пайдалануға берілді. Ауданның 71,1%-ы табиғи газбен, 81,9%-ы сапалы электр қуатымен қамтылған. Өткен жылы 18 көшеге асфальт төселіп, жақсы жолдардың үлесі 61,2% болды. Биыл 21 көшеге орта жөндеу жүргізілді.
Ауыз су демекші, республика көлемінде елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі қалалар мен ауылдық елді мекендердің қамтылу пайызы бойынша екі негізгі көрсеткіш арқылы бағаланады. Түркістан облысы бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатқан өңірлердің қатарында. Облыстағы қалалар не 542 мыңға жуық тұрғын 100% ауыз сумен қамтылған. Алайда, ауыз су сапасы, жеткізілу уақыты, инфрақұрылымның тозуы және кейбір елді мекендерде судың мүлдем болмауы секілді шешілуі тиіс өзекті мәселелер де бар. Өтпелі кезеңде альтернативті су жеткізу шараларын ұйымдастыру міндеттелді.Облыста биыл жоғарыда айтып кеткеніміздей жалпы 66 су нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаларға бюджеттен 45,8 млрд теңге бөлінген. Облыс әкімі бұл қаржыларды тиімді әрі дер кезінде игеруді тапсырды. Сондай-ақ биылғы басты көрсеткіш – 30 елді мекенде су жүйелерінің құрылысын толық аяқтап, ауыз суға қосу. Бұл үшін бюджеттен 19,7 млрд теңге бөлініп, мердігерлермен шарт жасалған.
Түркістан облысында 801 елді мекеннің 763 елді мекені (7 қала, 756 ауылдық елді мекен) ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыста ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 38 ауылдық елді мекен (халық саны – 31,4 мың адам) қалып отыр. Осы мақсатта, 2025 жылға 30 елді мекеннің (Сарыағаш-9, Келес-13, Қазығұрт-1, Ордабасы-3, Отырар-2, Бәйдібек-2) құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 19,7 млрд теңге (ҰҚ-0,5 млрд теңге, РБ-1,5 млрд теңге, ОБ-4,6 млрд теңге, СГФ-13,1 млрд теңге) бөлінді. Бүгінгі күнге, 10 айдың қорытындысымен 21 елді мекенде (Сарыағаш-8, Келес-5, Ордабасы-3, Қазығұрт-1, Отырар-2, Бәйдібек-2) құрылыс жұмыстары аяқталды. 2025 жылдың қорытындысымен, облыстағы 801 елді мекенді (7 қала, 794 ауылдық елді мекен) 100% ауыз сумен қамту жоспарлануда. Сонымен қатар сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 14 903,0 шақырымды құрайды, оның ішінде 5 177,3 шақырым немесе 34,7% тозығы жеткен. Тозығы жеткен су құбырларының тозу деңгейін төмендету мақсатында, 2025 жылы бюджет есебінен 1 866,1 млн теңге бөлініп, қорытындысымен 9 елді мекендегі тозығы жеткен 247,1 шақырым су құбыры желілерін жаңарту жоспарлануда. Нәтижесінде, тозығы жеткен су құбырларының ұзындығы 4 930,2 шақырымды құрап, тозу деңгейі 33,1%-ға төмендету жоспарлануда.
Облыста ауыз сумен қамтылған бірнеше елді мекендерде жер асты суларының төмендеуінен, кермектілігі жоғары болуынан, су құбырларының тозуына байланысты, 192 елді мекенге (530,9 мың тұрғын) ауыз су кестемен берілуде. Соның ішінде, 121 елді мекендегі (354,8 мың тұрғын) оқшау су жүйелері аудан, қала әкімдіктерінің меншігінде болса, 71 елді мекендегі (176,1 мың тұрғын) топтық су жүйелері министрлікке қарасты «Қазсушар» РМК-ның теңгерімінде. Аталған елді мекендерді тәулік бойы 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін іс-шара жоспары бекітілді. 2025 жылы 30 елді мекеннің мәселесі шешіліп, тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, әрбір елді мекеннің шешу жолдары қарастырылып, қажетті қаржылары есептеліп, жобаларды қаржыландыру үшін республикалық және облыстық бюджетке ұсынылды.
Түркістан облысында тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мәселесі – өңір басшылығының күн тәртібіндегі басты басымдықтардың бірі. Өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жіті бақылауында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың соңына дейін халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қатаң бақылауда. Республика көлемінде елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі қалалар мен ауылдық елді мекендердің қамтылу пайызы бойынша екі негізгі көрсеткіш арқылы бағаланады. Түркістан облысы бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатқан өңірлердің қатарында. Облыстағы қалалар не 542 мыңға жуық тұрғын 100% ауыз сумен қамтылған. Сонымен қатар 756 ауылдық елді мекеннің 98,1%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Алайда, ауыз су сапасы, жеткізілу уақыты, инфрақұрылымның тозуы және кейбір елді мекендерде судың мүлдем болмауы секілді шешілуі тиіс өзекті мәселелер де бар. Өтпелі кезеңде альтернативті су жеткізу шараларын ұйымдастыру міндеттелді.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, Шардарада ескі су тазарту жүйесінің тозуы жаз мезгілінде халыққа тұрақты су беруге кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені шешу үшін жалпы құны 16,9 млрд. теңге болатын «Шардара топтық су құбыры» жобасы іске асырылуда. Сол сияқты, Сарыағаш қаласында да халық санының артуы, сондай-ақ жаз мезгілінде ауыз суды мөлшерден тыс тұтыну (кейде тіпті ағын судың орнына пайдалану) салдарынан, «Қапланбек» су тазарту станциясының қуаттылығы жеткіліксіз болып отыр. Осы мәселені шешу мақсатында Р-1 каналынан магистралды су құбырының құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса, су тазарту станциясының жобасы жоспарланған.
Облыста биыл жалпы 66 су нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаларға бюджеттен 45,8 млрд теңге бөлінген. Облыс әкімі бұл қаржыларды тиімді әрі дер кезінде игеруді тапсырды. Сондай-ақ биылғы басты көрсеткіш – 30 елді мекенде су жүйелерінің құрылысын толық аяқтап, ауыз суға қосу. Бұл үшін бюджеттен 19,7 млрд теңге бөлініп, мердігерлермен шарт жасалған.Ауыз суды кестемен алатын ауылдардың мәселесі – жіті назарда. Жалпы, облыста 756 ауылдық елді мекен су құбырына қосылған болса, соның ішінде 192 елді мекенге ауыз су кестемен беріледі. Оның негізгі себептері ретінде жер асты суларының төмендеуі, су тазарту қондырғыларының қуаты жеткіліксіздігі, инфрақұрылымның тозуы, судың үнемсіз пайдаланылуы.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат