«Бүгін Түркістан облысындағы су нысандарының ахуалымен, арналарды тазалау жұмыстарымен таныстым. Суармалы жерлерді үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін өңірде ұзақтығы 108 шақырым арнаны механикалық тазалау жүргізіледі. Тазалау жұмыстары 74 пайызға орындалды», - деп жазды М.Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында.
Министрдің айтуынша, өңірдегі су басу салдарынан арналарды тазалау кейінге қалдырылды. Себебі бұл жұмысқа бұрын жұмылдырылған техника төтенше жағдай салдарын жоюға жіберілді.
«Осыған қарамастан белгіленген жұмыстарды мерзімінде аяқтауға тырысамыз», - деді ведомство басшысы.
Министр сондай-ақ, қазіргі уақытта бөгетті жөндеу жəне жер сілкінісіне төзімділігін арттыру үшін құрылыс-монтаж жұмысы жүргізіліп жатқан Шардара су қоймасына барды.
М.Мырзағалиевтің айтуынша, жобада 125 адам жұмыс істеуде. Оны келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
