Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, айтылған мәселелерді жедел шешу мақсатында тиісті салалық мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Кездесу барысында көтерілген мәселелер өзекті екені атап өтілді. Осыған байланысты жауапты органдарға жағдайды жан-жақты зерделеп, заң аясында тиісті шаралар қабылдау жүктелді. Қабылдау қорытындысы бойынша тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерге қатысты пікірлерін тікелей білдіріп, жауапты тұлғалар тарапынан түсіндірме мен тиісті шешімдер қабылдануына мүмкіндік алды.
Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды тұрақты түрде жеке қабылдап келеді. Бұл тәжірибе тұрғындардың мәселелерін тікелей жеткізуге және оларды жедел шешуге бағытталған. Азаматтар жеке қабылдауға «Е-Өтініш» бірыңғай электрондық платформасы арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына тікелей келіп жазыла алады. Бұл жүйе өңір тұрғындарының өтініштерін ашық әрі тиімді қарауға мүмкіндік беріп отыр.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат