Сәрсенбі, 06 Мамыр 2020 22:31

Шымкент: төтеншеліктер соғыс ардагерін құттықтады

Биыл ұлы жеңіске 75 жыл. Жеңіс бізге оңайлықпен келмегені белгілі. Осы жеңіс жолында қаншама аға буын аталарымыз елімізді ерлікпен қорғады. Мереке қарсаңында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Қаратау ауданында тұратын қарт майдангерді құттықтады.

Қалтай ата 1943 жылы 18 жасында Шымкенттен Петропавл қаласына барып алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Содан жапон соғысына аттанып, байланысшы қызметін атқарады. Соғыстан оралған соң шахтаға жұмысқа тұрған. Соғыстан кейінгі жылдардағы шахтадағы жұмыс екі есе ұлғая түсті. Соның барлығында іскерлігімен көзге түскен атай екі рет депутат болып, ел қамы үшін аянбай еңбек еткен. Қалтай ата  зұлмат соғыстың кімге болсада оңай тимегенін айтады. Сондай-ақ ардагерді елеп-ескеріп келген төтенше жағдайлар қызметкерлеріне ақ батасын беріп, жұмыстарын абыроймен адал атқара беріңдер деген тілегін жеткізді.

Ал төтенше жағдайлар қызметкерлері өз кезегінде үлкенді сыйлау, құрмет көрсету кейінгі буынның басты парызы деді. «Қария биыл 97 жасқа келген, атаның 9-шы мамыр күні туылған екі бірдей егіз немерелері бар, олардың есіміндерін батыр апаларындай болсын деп ырымдап Әлия Мәншүк деп қойыпты. Қарты бар үйдің қазынасы бар деп тегін айтылмаса керек, әсіресе соғыс ардагерлерін елеп ескеру біздің парыз» - дейді Шымкент қалалық №7 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Асылбек Жүнісбек.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 735 рет