Төлеби ауданындағы жағдайға байланысты Сайрам аудандық партия филиалы да барлық мүмкін болған көмекті ұйымдастырды.
Таңсəріден аудандық филиал төрағасы Уласбек Сәдібекұлының бастамасымен партия белсенділерінен құралған жұмысшы топ техникалық, гуманитарлық қажеттіліктерді алып, көрші ауданға барды.
Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы су басқан көшелерді аралап, тұрғындармен кездесіп, партия тарапынан ұйымдастырылған азық-түлік себеттерін жеткізді.
- Осындай қиын кезде партия белсенділері ұйымшылдық танытып, жалпы, көлемі 1,4 тоннаны құрайтын азық-түлікті Төлеби ауданына жеткіздік. Оны аудандағы аса мұқтаж деп танылған, жағдайы төмен 30 отбасына үйді-үйіне таратып шықтық, - деді Алмас Абдукадиров.
Қазір Төлеби Ауданынан Сайрам ауданына бекітілген секторда эвакуацияланған тұрғындарға барлық жағдай жасалуда. Қазіргі таңда барлығы бақылауда. Тиісті жұмыстар атқарылуда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
