Кездесу барысында партияның төтенше жағдайдағы қызметін айта кетіп, тұрғындардың мәселесін тыңдады.
Аталған эвакуациялық пункттегі жұмыстарды ұйымдастыруға Келес ауданы әкімдігі жауапты болып бекітілген. Атқарылып жатқан жұмыстармен Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев таныстырып, барлық қажетті заттар және азық-түлікпен толықтай қамтылғанын мәлімдеді.
Келес ауданы жауапты болып бекітілген 4 эвакуациялық пунктте 1500 аса фирдаусилық тұрғындар уақытша қоныстанған. Қазіргі таңда жергілікті тұрғындар тиісті көмек алу үшін құжаттандыру жұмыстары аяқталуға таяу. Апаттан зардап шеккен тұрғындардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңгеден беріледі. Сонымен қатар, іскерлік топ өкілдері зардап шеккендерге демеушілік көмек көрсетеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
