Сәрсенбі, 13 Мамыр 2020 23:55

Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өмір сүру сапасын жақсарту іс-шараларының орындалу барысы қалай?

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюповтың төрағалығымен өткен апталық мәжілісте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өмір сүру сапасын жақсарту іс-шараларының орындалу барысы туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Бурибаева хабарлама жасады.

Түркістан қаласы бойынша 8355 мүгедек есепте тұрады екен. Оның ішінде 1 топтағы мүгедек саны – 674, 2 топтағы – 3793, 3 топтағы – 2810, 16 жасқа дейінгі – 1078 азамат тіркелген. Мүгедек адамдардың әлеуметтену деңгейін арттыру мақсатында техникалық көмекші құралдармен (протездік-ортпедиялық көмек, сурдо, тифлоқұралдар, санаторий-курорттық емдеу, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін қызметтер) қамтамасыз етіледі.

Жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне 440 бірінші топтағы мүгедек өтініш білдіріп, жергілікті бюджеттен 53819,0 мың теңге қаржы бөлініп, 437 бірінші топтағы мүгедектерге 421 жеке көмекші қызмет көрсетеді екен. Сонымен қатар, мүгедектерді емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін «Инватакси» әлеуметтік қызметіне 5 автокөлікке жергілікті бюджеттен 33500,0 мың теңге қаржы қарастырылып, 101 жанның өтініші тіркеліп, тапсырысқа сәйкес тасымалдаумен қамтамасыз етілген.

Арнаулы жүріп, тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша 95 адам өтініш білдіріп, республикалық бюджет есебінен 74 мүгедек мүгедектік арбамен қамтылғанын және осы мәселеде атқарылып жатқан жұмыстарын атап өтті. Сонымен қатар, жиналыста құрылыс бөлімінің басшысы М.Керімжанов қала көлемінде құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Жиын соңында қала әкімі Рашид Аюпов жиналыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жұмыстарын өз деңгейінде атқармаған бөлім басшыларына шара көру жөнінде тапсырма берді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 608 рет