Сенбі, 09 Мамыр 2020 15:53

Фирдауси ауылындағы жұмыстар Ақментай Есбаевтың бақылауында

Мақтаарал ауданындағы Фирдауси ауылын жайлаған тасқын судың нәтижесінде жиылған көлшіктер арнайы құрылғылармен тартып алынып, каналдарға тасталуда.Сонымен қатар электр бағаналары ретке келтірілуде. Аталған жұмыстар Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың бақылауында,-деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен Фирдауси және Жантақсай елді мекендерінің тұрғындарын эвакуациялау, уақытша жатын орынмен және азық-түлікпен қамтуға Келес ауданы жауапты болып бекітілген.Бүгінгі таңда Жантақсай елді мекенінің азаматтары, тасқын су аталған ауылға зиян жеткізбегендіктен, үйлеріне қайтарылды.

Сондай-ақ, Мақтаарал ауданындағы апатты жағдайға байланысты, су басқан елді мекеннің шаруалары үшін мал бағу едәуір мәселеге айналған болатын. Осыған орай, аталған мәселені шешу үшін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Келес ауданының Бірлік ауылдық округі аумағынан 300 га жайылым жер уақытша мақтааралдықтарға мал бағуға берілді.Осылайша, тағы бір мәселенің шешімі табылды.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 620 рет