Дүйсенбі, 13 Сәуір 2020 13:33

Шымкент: «Тәуелсіздікке 20 жыл» елді мекені блок бекеттен босатылады

14 күн бойы қоршауда болған «Тәуелсіздікке 20 жыл» елді мекені блок бекеттен босатылады. Бұл туралы қала әкімінің 1-орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді. Жалпы, коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны Шымкентте 38-ге жетті. Ал қала билігі дертпен күрес жұмыстарын қатаң бақылауда ұстап отыр. 

14 күн бойы қоршауда болып, қозғалысы шектелген Тәуелсіздікке 20 жыл елдімекені блок-бекеттен босатылды. Себебі осы уақыт аралығында мұндағы тұрғындардан қатерлі індет анықталмаған. Еске сала кетейік, аумақтан вирус жұқтырған тұрғындар тіркелгені үшін жабылған еді. Аурудан айыққан олар үйлеріне қайтарылды. Бірақ жазылып шыққан азаматтар тұратын көшеде карантин режимі сақталып қалады.

Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен бірінші кезекте азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі жіті бақылауға алынды. Бұл мақсатқа қажетті қаржы бөлінді.  Мемлекетбекітіпбергенәлеуметтікмаңызыбаразық-түліктауарларыныңбағасынтұрақтыұстаптұруүшінәкімдікпен «Gramad»,«Magnum» және «Фиркан» саудажелілеріменкелісімшартқақолқойды.  Қазір қала аумағында бекітілген бағамен азық-түлік сатып жатқан 21 сауда желісі бар. Бес базардағы жылжымалы орындарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда.

 "Birgemiz" қорышымкенттік21864отбасығакөмек берді. Елімізде құрылған«Birgemiz» қорынан 11 мың 997 шымкенттіктің есепшотына 50 мыңтеңгеден қаржы аударылды. «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының мәліметінше, 15 сәуірге дейін тізімге ілінген 21864 мұқтаж отбасының барлығына көмек көрсетілмек.

Айта кетсек, аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау мақсатында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының әкімдіктері көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізіп, аса мұқтаж отбасыларды іріктеп, арнайы тізімге енгізген.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 574 рет