Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «BizBirgemiz» акциясының аясында бірінші кезеңде қаржылық қолдауды 150 мыңнан аса мұқтаж азаматқа көрсету туралы шешім қабылданды. «Бүгін ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар «BIZBIRGEMIZ» ҚҚ-нан 50 000 теңге көмек ала бастады. Бұл ең әуелі Елбасы мен «Нұр Отан» партиясының арқасында жүзеге асып отыр. Расында да, ел басына күн туған кез келген сәтте ардагерлер, көпбалалы отбасылар, әлеуеті әлжуаз топтағы барлық азаматтар қамқорлықсыз қалған емес. Бұл жолы да әрбірінің есебіне 50000 теңгеден аударып, мүгедек балалар бар отбасылар да назардан тыс қалмады.
Ел партиясының өңірдегі өкілдерінің мәліметінше, қазіргі таңда "Birgemiz" қоры арқылы шымкенттікттік 21864 отбасыға көмек беріледі. Бүгінге дейін 11 мың 997 шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылды. Айту керек, тиісті қаражатқа қол жеткізу үшін әкімдіктің табалдырығын тоздырып, «Нұр Отанның» есігін қағу шарт емес.
«Көмекке мұқтаждар тізімі жергілікті әкімдіктерде бар. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының әкімдіктері көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізіп, аса мұқтаж отбасыларды іріктеп, арнайы тізімге енгізген» - дейді «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.