Қаладағы аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау мақсатында қалаға қарасты 4 ауданның әкімдіктері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізген. Олардың арасынан аса мұқтаж отбасылар іріктеліп, арнайы тізімге енгізілген. Бүгінгі таңда «Birgemiz-Shymkent» қоры арқылы тізімге алынған отбасылардың есепшотына тиісті қаражат толықтай аударылған.
Еске салсақ, Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорына еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, жетекші компаниялар қолдау білдіруде. Қордың басты мақсаты - СOVID-2019 індетіне қарсы күресті күшейту, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек беру.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.