Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, таңғы 7-ден бастап келеңсіз жайттарға байланысты қоңыраулар келіп түскен. Атап айтсақ, ауа райының күрт бұзылуы салдарынан кешегі бір түнде 100-ге жуық ағаш құлап, 30-дан аса автокөлік зардап шеккен. Қаладағы 4 ауданда электр қуаты сөніп, 8 мыңға жуық абонент жарықсыз қалған.
«Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 80-нен аса жеке құрамы мен 20 техникасы авариялық қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған. Қазіргі таңда қалалық энергетика қызметінің күшімен электр жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы 5800 абонентке электр қуаты берілді. Басқа да аймақтар тәулік соңына дейін жарық жүйесімен толықтай қамтылатын болады» – дейді Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерғали Бахаев.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.