Шымкенттегі барлық әскери құрылым төтенше жағдаймен күресуге жұмылдырылған. Десекте қауіпті кезеңде эліде қосымша күш керек. Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша әскери қызметке келушілердің ішінен әзірге 100 азаматты қабылдайды. Олар дизинфекциялық жұмыстар мен блокпосттарда патрульдік қызмет атқарады.
«Жалпы Шымкент қаласынан тартылатын жастардың саны 100-ге жуық деп жоспарлап отырмыз. 35 жасқа дейінгі азаматтарды тіркеуге алып жатырмыз» - дейді Шымкент қаласы қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ринат Мадияров.
Еріктілердің денсаулығын әскери комиссариаттағы медицина мамандары ексереді. Одан өткесін сарбаздар мен сардарлар қаладағы әскери бөлімдерге жолданады. Олар төтенше жағдай уақыты біткенше әскер қатарында болады. Жұмысы бар еріктілердің айлық жалақысы сақталады. Жұмыссыздарына айына 42500 теңге төленеді. Еріктілер әскери қызметке пайда үшін емес, отан үшін баруда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.