Бұл туралы облыс әкімдігінің сайтында жарияланды.
Сондай-ақ, халыққа әлеуметтік көмек көрсету, шағын және орта бизнес нысандарының жұмысын ілгерілету, көктемгі егін науқанын қарқынын бәсеңдетпеу, "Жұмыспен қамту" жол картасын іске асыру мәселелері де әңгімеге арқау болды.
Өз кезегінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірімізде індетпен күрес жұмыстарының барысын баяндап, сақтық шараларының күшейтілгенін жеткізді. Сондай-ақ, облыс орталығы - Түркістан қаласында індет анықталғанына байланысты карантин режимі енгізілгенін, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың бақылауда екенін баяндады. Бұдан бөлек, өңір басшысы халыққа әлеуметтік көмек беріліп, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіліп, көктемгі егіс жұмыстарының тоқтаусыз жалғасып жатқандығына да тоқталды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
