Бүгінде коронавирус дертінің таралуына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Мониторинг барысында азық-түлік бағалары тексеріліп, базар басшылығы мен кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтермеу керектігі түсіндірілді.
Сондай-ақ азық-түлік бағасының негізсіз көтерілген жағдайда аудан әкімдігі тарапынан тиісті шаралар көрілетіндігі ескертілді.
Еске сала кетейік, Сайрам ауданындағы 11 ауыл округінде 42 елді мекен бар. аудан әкімдігінде арнайы жұмыс тобы құрылып, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты аудандағы тиісті құрылым өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқарып жатыр. 5 арнайы мобильдік топ құрылды. Мобилдік топ мүшелері әрбір елді мекен бойынша төтенше жағдай ережелерін тұрғындарға түсіндіруде. Бүгінгі күнге дейін Сайрам ауданында коронавирус дертін жұқтырған 2 азамат анықталып, ем қабылдауда. Сондай-ақ аталмыш екі азаматпен байланыста болған ауданымыздың 25 тұрғыны оқшауланып, ем қабылдауда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
