Түркістан қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түркістан қаласы әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топ тұтынушылардың құқығын қорғау, тіл мәселелері бойынша, сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат тілін реттеу мақсатында арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмысшы топ құрамында қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, ішкі саясат бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, жастар ресурстық орталығы, полиция қызметкерлері және тіл мамандары бар.

Ордабасы ауданы: Бөген және Жеңіс ауыл округтеріне қарасты ауылдардағы көптеген мәселелер шешімін тапқан

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың 2024 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есеп беру жиындары бүгін Бөген және Жеңіс ауыл округтерінде өтті.

Созақ ауданы: ішкі жолдар жаңартылуда

Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылдық округінде халық сұранысына сай бірқатар жұмыстар атқарылуда. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков округке арнайы барып, ішкі жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысты.

Созақ ауылындағы спорттық-сауықтыру кешені құрылысының қарқыны арта түскен

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков жұмыс сапарымен Созақ ауылында болып, елдімекенде жүзеге асырылып жатқан бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты. Жобалардың орындалу сапасын тексеріп, мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімдік тәртібіне ерекше назар аударуды тапсырды.

Созақ ауданының орталығында екі қабатты үш тұрғын үйдің құрылысы басталды

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы Жеткіншек мөлтек ауданында жеке ивестор арқылы екі қабатты үш тұрғын үйдің құрылысы басталды. Әр тұрғын үйде 8 пәтерден орналастырылып, барлығы 24 пәтер ел игілігіне берілмек. Жоба әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарды қолжетімді баспанамен қамту мен өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Созақ ауданы: биыл Жуантөбе ауылдық округінде бірқатар жобалар жүзеге асырылатын болады

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков кезекті есеп беру жиынын Жуантөбе ауылдық округінде жалғастырды. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев және бірқатар аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары мен бірқатар сала мамандары қатысты.

Созақ ауданы: Қыземшек кентінде биыл 1 млрд теңгеден астам қаржыға ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ

Биыл Қыземшек кентінде 1 млрд теңгеден астам қаржыға ірі жобалар іске асырылмақ. Аталған жобалар аясында кенттегі әлеуметтік, инфрақұрылымдық және абаттандыру бағытындағы бірқатар маңызды жұмыстар қолға алынады.