Шымкентте "Таза Қазақстан" аясында ауқымды тазалық шарасы өтті

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті тазалық акциясы ұйымдастырылды. Өткізілген тазалық шаралары қала тұрғындарының табиғатқа жанашырлықпен қарап, туған жерді көркейтуге деген жоғары белсенділігін көрсетті.

Созақ: Құмкентте жүзеге асып жатқан әлеуметтік жобалардың жұмыс барысы бақылауға алынды

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков жұмыс сапарымен Құмкент ауылдық округінде болды. Сапар барысында ауылда жүзеге асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік жобалардың жай-күйімен танысты.

Созақ ауданында шегіртеге қарсы күрес жұмыстары аяқталуға жақын

Созақ ауданы аумағында жыл сайынғы дәстүрге сай жүргізілетін шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінгі күнге дейін Жартытөбе ауылдық округіне қарасты «Таскөмірсай» маңындағы егістік алқап пен Құмкент ауылдық округіне қарасты Сарысу ауданымен шекаралас аумақта залалсыздандыру шаралары жүргізілді.

Ынтымақ бар жерде - ырыс бар

Қазақ халқының ұлы даналығы – «Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» деген нақылдың астарында терең мән жатыр. Бұл сөз – тек қана әдемі тіркес емес, қоғам дамуының заңдылығын айқындайтын өмірлік қағида.

Бірлік - ел дамуының негізгі тірегі

Қазақ халқы ежелден «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, бірлік – қоғамның іргетасы, мемлекеттің дамуының басты кепілі. Әлемдік тарихқа көз жүгіртсек, ішкі ынтымағы берік елдер ғана өркендеп, қиындықты еңсере білген. Ал алауыздық орнаған мемлекеттер, керісінше, әлсіреп, болашағын жоғалтқанын көреміз.

Жастарға тегін білім алу жолдары түсіндірілді

ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Мерейлі 30 күн» жобасы аясында Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Арбат демалыс аймағында «Тегін білім алу: Қазақстанда қалай тегін білім алуға болады?» тақырыбында кеңес беру акциясы өтті.

Мәдениет және ақпарат министрі Шымкентте

Бүгін Шымкент қаласына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен, сондай-ақ шығармашыл жастармен жүздесті. Кездесу барысында еліміздің ақпарат кеңістігін дамыту, БАҚ-тың қазіргі жағдайы, медиа саласындағы жаңашылдықтар, жасанды интеллектіні қолдану, ақпараттық қауіпсіздік, сондай-ақ мәдениет пен кино саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.