Ынтымақ – өркендеудің кепілі
Қоғамдық келісім мен ішкі тұрақтылық – кез келген мемлекеттің ең басты тірегі. Бейбіт өмірсіз, бірліксіз, татулықсыз ешбір елдің дамуы мүмкін емес. Тарихқа көз жүгіртсек, ішкі қақтығыстар мен алауыздықтың кесірінен өркениеттен кенде қалған, тіпті картаның бетінен жоғалып кеткен мемлекеттер аз емес. Ал бірлігі бекем, мақсаты ортақ елдер әрқашан да кез келген дағдарысты еңсеріп, жаңа белестерді бағындырған.