Созақ ауданы: Қыземшек кентінде екі бірдей балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Созақ ауданы Қыземшек кентінде балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту мақсатында тағы екі жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Бұл жолы заманауи алаңшалар Шұғыла көшесі мен екінші шағын ауданнан салынды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Созақ ауданындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков ауданға жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Сапар аясында аудандық ардагерлер үйінде жергілікті қариялармен кездесіп, Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Шымкент: Көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізілуде

2025 жылы Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Құрылыс басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС тарапынан қала аумағындағы 26 көпқабатты үйдің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде Әл-Фараби ауданында – 20, Тұран ауданында – 4 және Еңбекші ауданында – 2 тұрғын үй бар.

Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданындағы 5 көпқабатты үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Олар: Күншығыс шағынауданындағы №25 және №37 үйлер, 17-шағынаудан №9/А үй, Рашидов көшесіндегі №25/Б үй және Жангелдина көшесіндегі №18 үй. Қалған 21 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін кезең-кезеңімен аяқталатын болады.

Жоспар бойынша, Әл-Фараби ауданында тағы 15 үйде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олар: Володарский көшесі №9, 16-шағынаудан №9, №40, №41 және №23 үйлер, Күншығыс шағынауданындағы №8, №108А, №23 үйлер, Ә.Жангелдин көшесі №22А, Сайрам көшесі №12 үй, 18-шағынаудан №59, №18 және №24 үйлер, 17-шағынаудан №17 үй, сондай-ақ Сайрам шағынауданындағы №6 үй.

Еңбекші ауданында екі көпқабатты үйде жөндеу жүргізілуде. Олар: Уәлиханов көшесі №188 және Елшібек батыр көшесі №118 үйлер. Ал Тұран ауданында төрт үй жөнделеді: Отырар шағынауданындағы №41 үй, А. Асқаров көшесі №32А, А. Байтұрсынов көшесі №67А және 4-шағынаудан №21 үй.

Сонымен қатар, қаладағы көпқабатты үйлердің тозығы жеткен жедел сатыларын (лифтілерін) ауыстыру жұмыстары да қолға алынған. Биыл 17 лифт жаңартылады. Оның ішінде Әл-Фараби ауданында – 1 (Рашидов көшесі №26 үй), Тұран ауданында – 1 (Темірлан тас жолы №1Г), Қаратау ауданында – 15 лифт. Қаратау ауданында Нұрсәт шағынауданындағы бірнеше үйлерде және Назарбаев көшесіндегі тұрғын үйлерде лифттер ауыстырылады. Атап айтқанда: Нұрсәт шағынауданындағы №134А, №134Б, №212, №213, №215, №216, №219, №221 үйлер, Назарбаев көшесі №24 және №26 үйлер, Астана көшесі №100 үй, сондай-ақ Нұрсәт-2 шағынауданындағы №23А, №23Б және №31 үйлер.

Жоспарланған барлық күрделі жөндеу және лифттерді ауыстыру жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде. 

Әлеуметтік көмек енді мұқтаж отбасыларға әділ түрде беріледі

Қазақстанда әлеуметтік қолдаудың жаңа тәсілі енгізілуде. Бұған дейін көмек республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілгенімен, өңірлер арасында айырмашылықтар байқалатын: бір аймақта көлемді қолдау көрсетілсе, басқа өңірде ол аз болатын. Осы олқылықты жою мақсатында мемлекет әлеуметтік көмекті әділ бөлуді қолға алды.

Шымкентте "Таза Қазақстан" аясында ауқымды тазалық шарасы өтті

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті тазалық акциясы ұйымдастырылды. Өткізілген тазалық шаралары қала тұрғындарының табиғатқа жанашырлықпен қарап, туған жерді көркейтуге деген жоғары белсенділігін көрсетті.