Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ағымдағы жылдың 11 шілдесі мен 12 тамызы аралығында кең ауқымды сауалнама өткізді. Оған 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 адам қатысты.

БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Адамзат тарихына көз жүгіртсек, кез келген елдің өркендеуі ең алдымен халық арасындағы татулық пен түсіністікке байланысты болғанын байқаймыз. Өйткені ынтымақсыз, өзара сенімсіз ешбір жетістік ұзаққа бармайды. Қоғамдағы тұрақтылық – экономикалық қуаттың, әлеуметтік прогрестің, тіпті халықаралық беделдің де берік тірегі.

Конституция: Егемендіктің негізі және әлеуметтік әділеттіліктің кепілі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциядағы сөзі өте мазмұнды әрі еліміздің құқықтық жүйесі мен саяси реформаларына қатысты маңызды ойларды қамтыған.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері «KazFerroGroup» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті

Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшылар жылы» аясында еңбек адамына құрмет көрсету, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу және еңбек ұжымдарының рөлін арттыру мақсатында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары «KazFerroGroup» ЖШС кәсіпорнында іссапармен болды.

Шымкентте Ата Заң айбыны асқақтады

Бүгін Шымкент қаласында Конституция күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. «Қызғалдақ» сарайында ұйымдастырылған «Ата Заңым – айбыным» атты жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Қоғамдық кеңес: Аудан әкімдері мен сала басшылары есеп берді

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы Бұхарбай Рысқұлұлы Парманов жүргізді. Басқосуға кеңес мүшелері, мемлекеттік орган өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты. Отырыстың басында қоғамдық кеңес құрамына жаңа мүше қабылданды. Артур Дрейлинг ресми түрде кеңес мүшесі атанды.

Бірлік пен достық – елдің еңсесін көтерер құндылық

Тарих беттерін ақтарсақ, кез келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуі халық арасындағы татулыққа тікелей байланысты болғанын көреміз. Себебі береке-бірліксіз, өзара түсіністіксіз ешбір жетістік баянды болмайды. Ел ішіндегі тұрақтылық – экономикалық қуаттың да, әлеуметтік дамудың да, халықаралық беделдің де басты тірегі.