Қазіргі таңда Б.Саттархаев даңғылы бойында жалпы ұзындығы 8,5 шақырымды құрайтын аумақта веложолдар әрленуде. Сонымен қатар, Қызылорда тас жолы бойында 12 шақырым, Кентау тас жолы бойында 3,5 шақырым, Байбүрт көшесінде 1 шақырым және С.Қожанов көшесінде 1,5 шақырым аумақта арнайы веложолақтар сызылып, пайдалануға дайындалуда. Жол жөндеу және жаңарту жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жалғаспақ.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат