Коронавирус індетінің таралуына тоқсауыл қою мақсатында кәсіпорында суды тазартуға аса көңіл бөліну үстінде. Сонымен қатар мекеме басшылығы төтенше жағдай кезінде қарызы жиналып қалған азаматтарға су беруді тоқтатпайтынын мәлімдеді. «Төтенше жағдай кезінде берешегі пайда болған азаматтарға коммуналдық қызмет көрсетуді тоқтатпау жөнінде табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінен ұсыныс хат алдық. Біз су беруді тоқтатпаймыз. Алайда қарыздың аты – қарыз. Мүмкіндігінше тұрғындар тұтынған суға төлемді жинамай, айма-ай төлеп жатқаны өздеріне де, бізге де жақсы» - дейді «Су ресурстары-маркетинг» ЖШСбас директорының орынбасарыЖанатбек Тұрдалиев.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.