Сонымен қатар, Жарлықты аудан аумағында іске асыру мақсатында тиісті жауапты мекемелер айқындалып, бекітілген жұмыс-жоспарға сәйкес тиісті шаралар атқарылуда. 9 адамнан құралған 3 мониторингтік топ құрамы күн сайын 19.00-23.00 аралығында ауданға қарасты кәсіпкерлік, мәдени, ойын-сауық, спорттық нысандар және мешіттерді толық аралап, нәтижесінде талаптар толық орындалғандығы анықталған.
Сонымен қатар, ақпараттық-насихат топтарының құрамындағы қоғамдық ұйым өкілдері, зиялы қауым, еріктілер, белсенді жастар, мемлекеттік қызметшілер тұрғындарға түсіндіру жұмыстарымен айналысуда. Тұрғындар арасында құлақтандыру шараларын күшейту мақсатында індеттің алдын алу, одан сақтану, төтенше жағдай режимін, заң нормаларын сақтау, той-томалақтан бас тарту, діни құлшылықтарды үйде жасауды түсіндіретін аудиожазба дайындалып, ол әкімшілік-аумақтық бірліктеріндегі мешіттердің, білім беру ұйымдарының (мектептердің), мәдениет үйлерінің радиоқабылдағыштары және жеңіл автокөліктердегі дыбыс күшейткіштер арқылы аудандағы 69 елді мекенге қарасты 559 көшенің тұрғындарына таратылды.
Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін ерікті жастар үш мыңнан астам үнпарақтарды (брошюра) таратып үлгеріпті. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен белсенді жастар, еріктілер БАҚ-да, әлеуметтік желілерде коронавирустың алдын алу шаралары бойынша 10 видеороликпен халық алдына шықты. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшалары мен ауданның ресми сайтында түрлі материалдар жариялануда.
