Дүйсенбі, 30 Наурыз 2020 13:09

Түркістан облысында қашықтықтан оқыту процессі бойынша дайындық жұмыстары пысықталуда

 

  4-ші тоқсан оқу процессі республика бойынша барлық оқушылар үшін қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы жүргізілетін болады. Бұндай шешім ҚР Үкіметі тарапынан қабылданды. Әрине, шешуі тиіс мәселенің де бар екені белгілі. Сол үшін барлық мүмкіндікті пайдалану мақсатында облыс әкімдерімен өткен үкімет отырысында да тапсырмалар мен ұсыныстар жасалды.

   Осы бағытта Білім және ғылым министрлігімен бірігіп Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы дайындық жұмыстарын бастап біршама реттеді. Басқарма басшысы Р.Қ.Жолаевтың тапсырмасымен білім берудің интернет платформаларын  пайдалану бойынша бейнелі және көмекші нұсқаулықтар облыстық әдістемелік орталық мамандары арқылы жасалуда, — деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.
-YouTube каналына Білім және ғылым министрлігі дайындаған 4-тоқсандағы барлық сабақтардың контенті жүктелуде.
-Kundelik.kz , Bilimland-SmartNation қашықтан оқыту бойынша да біршама жұмыстар атқарылып үлгерді.
   Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы жанынан басқарма басшысының орынбасары А.Садықованың төрайымдылығымен арнайы Жобалық кеңсе құрылған болатын.Облыстағы барлық аудандардан қажетті мәліметтер жинақталып, тиісті тапсырмалар берілді.
    Қазіргі таңда Жобалық кеңсе оқушылар мен мұғалімдердің интернет желісіне қосылу    бойынша анализдер жасалды.
    Бүгінгі күнге үй жағдайындағы интернетке қосылу мүмкіндігі бар оқушылар саны 335 519 оқушы, ол 69,6% құрайды (жалпы оқушылар саны 482 098). 335 519 оқушының, ауылды жерлерде – 254 483, қалада – 81 036.
   Осы оқушылардың үй жағдайында онлайн оқытуға қажетті электронды құрылғылары бар оқушылар саны 314 546 (ауылда – 244 551, қалада – 69 995).
— 58 628 оқытушы құрамы бар.
Оның 51 074 мұғалімде интернет желісіне қосылуға мүмкіндіктері бар. Бұл 87,1% құрайды;
— интернет жүйесіне қосылмаған ұстаздар саны 7 554, 12,9% құрап отыр.
Мұғалім мен оқушыларды компьютер техникасымен, планшеттермен қамтылуы бойынша келген мәліметтерге сәйкес 314 546 оқушыда бар, бұл 65,2% құрайды (ауылды жерлерде – 244 551, қалада – 69 995).
Қажетті құралдармен қамтамасыз етілмеген оқушылар саны 167 515 немесе 34,7% құрап отыр.
— 45 524 оқытушы керекті қосымша техникалары бар, бұл 77,6% көрсетеді. (Оның ішінде ауылды жерлерде 36 221, қала бойынша – 9 303).
— 13 104 оқытушыда компьютер техникасы, планшет т.б. құрылғылар жоқ. Бұл 22,4% құрап отыр (ауылды жерлерде – 12 070, қалада – 1 034).
Мәселенің шешу жолдары да ұсынылып, тиісті шаралар қолға алынып отыр. Тарқатып айтсақ:
Шешу жолдары:
-Облыс бойынша 36 700 дана компьютер бар. Мектептегі компьютерлерді қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімдер мен оқушыларға уақытша беруді қарастыру;
-Мұғалімдер мен оқушыларға карантин мерзімі кезінде үнемделген қаржыдан интернет трафигін төлеуді қамтамасыз ету;
-Жергілікті бюджет есебінен ноутбуктер және дербес компьютерлерді сатып алуды қарастыру;
-1 700 Bilimbook құрылғысы бар. Толықтай қажетті контенттер жүктелген. Қашықтан оқытуды қамтамасыз ету мақсатында интернеті жоқ елді мекендердегі оқушылар мен мұғалімдерге өз жауапкершілігі негізінде таратылатын болады.
Келесі маңызды мәселе облысымыздағы шалғай жерлердегі бала саны 80-нен төмен ықшамдалған мектептер мен бастауыш мектептер саны 86. Ондағы оқушы саны 3 064 және 650 оқытушы құрамы жұмыс жасайды.
    6-сәуірден бастап аталған мекемелердегі оқушылар өз жұмысын қалыпты жағдайдағыдай жалғастыратын болады. Мұндағы бір мектептегі бала саны 5-тен 80-ге дейін. Тек ескеретін жәйт, қалыпты жағдайда аталған мектептердегі оқушылар 1 ауысымда оқитын болса, төтенше жағдайдағы сабақтары 2 ауысымға бөліп оқытылады. Және мұндағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, залалсыздандыру жұмыстары қатаң бақыланатын болады. Бірақ, залалсыздандыруға арналған барлық заттармен (дез.средства) қамтамасыз етілетін болады.
     Ең бастысы мұғалімдердің айлық жалақылары көрсетілген тарифтік жоспар бойынша толықтай төленетін болады және бұл сұрақ қатаң бақылауда болатынын ескерген жөн.
Әрине мұғалімдер мен ата-аналардан алғаш өткізгелі отырған білім беру жүйесінде сұрақтар болуы қалыпты. Адами әлеуетті дамыту басқармасы да, Білім және ғылым министрлігі де кез келген сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылдайтын болады. Бұл жағдайдың пандемияның таралу қаупін болдырмау мақсатында, балаларымыздың денсаулығын ойлағаннан жасалып жатқан шаралар екенін ата-аналар да, ұстаздар да түсіністікпен қарағаны дұрыс.

Оқылды 566 рет