Әсіресе, бұл шара халыққа аса қажет азық – түлік сатылатын нысандарда күнделікті жүргізілуде. Сонымен қатар қазір аудандағы арнайы тігін цехтарынан бөлек, ерікті қыз- келіншетер де бастамашыл топ құрып, маскалар тігуге кіріскен. Олардың қолынан шыққан бұйымдар ауданның ерікті жастары арқылы тұрғындарға тегін таратылып, сақтық шаралары да үздіксіз насихатталуда.
Елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты және облыс әкмінің арнайы тапсырмасына орай аудан әкімдігенде де нақты жұмыстар қолға аланған. Оның барлығы да қауіпті індеттің жолын кесіп, оны таралуына жол бермеу. Сондықтан аудан әкімі Әліпбек Өсербаевтың өзі бас болып бұл шараға қатаң бақылау жүргізуде.
Қазір ауданда барлық сақтық шаралары қатаң жүргізілуде. Науқастар үшін қажетті орындар дайындалған және маска қоры да жеткілікті. Ал одан бөлек аудан аумағынадағы негізгі жолдардың бәріне де арнайы бекеттер қойылып, талапқа сай жұмыстар атқарылуда.
