Сенбі, 28 Наурыз 2020 21:59

Түркістандық имамдар «Біз біргеміз» акциясына үлес қосты

Еліміздегі төтенше жағдайға байлансты Түркістан қаласының төрт қақпасында блок бекеттер күндіз-түні жұмыс істеп тұр. Ол жердегі дәрігерлер мен тәртіп сақшыларының еңбегін бағалау керек.

 

   Елімізде жүргізіліп жатқан “Біз біргеміз!” акциясына түркістандық имамдар да өз үлесін қосып келеді. Күні кеше облыстық мешіт пен “Тұран” қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен сауапты іс атқарылды.

   Жалпы 200 литр көже, 400 қапшықша бауырсақ 400 адамға берілді. Наурыз көжені мешіт қызметкерлері әзірлеп, өздері үлестірді.  Ұлттық тағамдар Шымкент, Қызылорда, Отырар, Кентау блок бекеттерінде тұрған қызметкерлер мен жолаушыларға таратылды.

Имамдар еліміз үшін дұға етіп, көз ілмей халықтың қызметінде жүрген жандарға күш-қуат тілеп қайтты. Жолаушылар имамдарға алғыстарын айтты.

  Облыстың бас имамы Мұсабек Ақтамберді сауапты іске атсалысқан азаматтардың баршасына ризашылығын білдірді.

   «Алла Тағала кәсіпкерлерге берекесін берсін! Сабырлықпен сақтық шараларын сақтап жүрген жұртшылыққа ризашылығымызды білдіреміз. Біз сіздермен Құранымызбен де, дұғамызбен де біргеміз!», - деді облыстың бас имамы.

 

Оқылды 595 рет