Бүгінде бұл орталық 109 нөмірі арқылы тәулік бойы 24/7 форматта тұрғындардан қоңыраулар қабылдап жатыр. Қазірдің өзінде орталық 1000-ға жуық қоңырау қабылдап үлгерген. Оның басым бөлігінде тұрғындар төтенше жағдайда еліміз бойынша қозғалу, әрекет ету, азық-түлік бағаларын білу, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесін анықтау, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүгедектерге берілетін мемлекеттік көмек туралы сауалдармен хабарласыпты. Жиналған барлық сауалдарды операторлар салалық құрылымдарға жолдап, дер кезінде жауап жолдауға жұмыс істеуде.
Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында https://turkestancovid19-agritech.hub.arcgis.com/ ақпараттық парақшасы ашылған. Парақшада коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша пайдалы ақпараттар мен өңірде инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан мәліметтермен таныс болуға болады.
