Тәртіп сақшылары жанашыр жастардың бұл қолдауларына ризашылық білдіріп, әлемді алаңдатқан ауыр індетті жеңуде бірлесіп жұмыс істейтіндерін жеткізді.
Наурыз айының 18-інен бастап Түркістан облысының шекаралық аумақтарына 35 блокпост қойылған болатын. Оның 31-і елдімекендерде, ал 4-еуі теміржол вокзалы мен станцияларда орналасқан. Бүгінде полицейлер мен медицина қызметкерлері облыс аумағына кірген жолаушылардың дене қызуын тексеріп, мәліметтерін алып жатыр.
"Jas Otan" жастар қанатының өкілдері қайырымдылық іс-шараларын алдағы уақытта да жалғастыруды көздеп отыр.
Елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты ауданда жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде аудан тұрғындары мен ауданға келуші қонақтардың арасында короновирус індетін жұқтырғандар тіркелмеген.
Қазіргі таңда блок-бекеттердегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
