
Бір апта бұрын, қала әкімі Рашид Аюпов өз парақшасында бейнеролик арқылы 23 наурыздан бастап азық-түлік қатарлары, дәріханалар және қоғамдық тамақтану орындарынан басқа барлық ірі сауда орындары жабылады деген ақпарат бөлісті.
Бір-екі күн аралығында Үкімет халық сұранысын қолдай келе, мемлекет бойынша сауда орындарының жұмыс барысын нақтылайтынарнайы бұйрыққа өзгерістер енгізді. Сақтық талаптарын орындаған жағдайда ірі сауда орындарында қызмет көрсетуге рұқсат етілді.
Дегенмен, Түркістан қаласының біраз кәсіпкері көрсетілген шарттарды орындамай отырғанға ұқсайды. Себебі, ертеректе базарларды жабуға ниет білдірген қала басшысы өз парақшасында: «Кешегі күнім, ашық тұрған сауда орындарының бұйрыққа сай талаптарды орындауын бақылаумен өтті. Өкінішке қарай, қанағаттанарлық деп айта алмаймын.
Сатушылар мен кәсіпкерлердің бұндай ұстанымы — жақындарымыз, өзіміз, дүйім жұрттың өміріне залал келтіруі мүмкін.» — деп жазған. Бұған қоса, тұрғындарды сақтық шараларын орындауға шақырып, кәсіпкерлер жұмысы қатаң қадағаланатынын айтып өткен.