Бейсенбі, 26 Наурыз 2020 18:16

Түркістан: Бәйдібек ауданында күніне 7 мың дана бетеперде тігілуде

 Бәйдібектік кәсіпкер Асқар Кенеханов елдегі төтенше жағдайға байланысты бүгінгі күннің ең басты сұранысына ие боп отырған бетперденің жетіспеушілігін азайтуды қолға алған еріктілердің бірі. 

Асқар Кенехановтың Шаян ауылынан ашылған шағын тігін цехында қазіргі таңда күніне 6-7 мың дана бетперде тігілуде. Ерікті қолынан тігін ісі келетін 10 қыз-келіншекті жұмыспен қамтып отыр. Аталмыш цехта матаның 3 түсінен бетперде тігіледі және қолжетімді 130 теңгеден сатылымға шығып жатыр. Медициналық сараптамадан өткен бетперделер бір реттік емес: жуып, үтікпен кептіріп бірнеше рет қайта қолдануға болады.

Қазіргі таңда шағын цехтағы тігілген бетперделерге сұраныс жоғары. Аудандағы барлық ауылдық округіндегі елді мекендерді қамтып отыр. Соныен қатар кәсіпкер жергілікті дәріханалардан да сұраныс түсіп жатқанын айтады. Ал, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға бетпердені тегін таратып жатыр екен.
Халықтың қалтасына қарай аса қымбат емес бағамен тігіліп, ұсынылып отырған бетпердеге Бәйдібек ауданында тапшылық жоқ.

Оқылды 516 рет