Жұма, 20 Наурыз 2020 21:04

Түркістан облысы Отырар ауданында бетперделер тегін таратылуда

   

Елдегі жағдайға байланысты қауіпті дерттен қорғану құралдарын отырарлық кәсіпкерлер мен қолынан іс келетін ауылдың белсенді жастары тегін таратып жатыр.

 Отырар ауданындағы  тігін цехтары мен жеке кәсіпкерлер бетперде тігу жұмыстарына қызу кірісіп кеткен. Аталған жұмыстарға киелі аймақтың қолы ашық, жаны жомарт кәсіпкерлері демеушілік жасап, қолдарынан келгенше індеттің алдын алуға көмектерін аямаудаБетперделер аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен тұрғындарға беріліп жатыр. Өз кезегінде тұрғындар сын сағатында елді сабырлыққа шақырып, қайырымды іске мейлінше көңіл бөлуді жөн санаған жандарға ризашылықтарын білдіруде.

  Ауыл азаматы белгілі кәсіпкер Аралбай Асан қиын дағдайда  азаматтық танытып бетперде тігуге қажетті материалдарды тегін жеткізіп берді. Қазір аудан орталығындағы «Ағысай» тігін цехы бетперде тігу жұмысын қарқынды жүргізіп отыр.

 Бұдан бөлек ауданда көмек беруге ниеттенген кәсіпкер азаматтардың көмегімен бірнеше тігін цехтарында бетперде тігу жұмыстары ұйымдастырылып, дайын болғандары тұрғындарға тегін таратылуда.

 

Оқылды 610 рет