ТҮРКІ ӘЛЕМІ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ: САУРАНДА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Сауран ауданына Түркі әлемі муниципалитеттер одағының делегациясы арнайы іссапармен келді. Халықаралық ынтымақтастықты нығайту, бауырлас елдер арасындағы мәдени-экономикалық байланысты дамыту және тәжірибе алмасу мақсатындағы бұл сапар – аудан тарихында айтулы оқиға.

Ордабасы ауданында 2210 оқушы мектеп бітіріп, 1 мектеп республика көлемінде үздік мектептердің қатарына енді

Бүгін, еліміздің барлық өңірлеріндегі білім ошақтарында оқу жылын аяқтау салтанаты болып өтті. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтаса, 217 мың түлек 11-сыныпты бітіруде. Ордабасы ауданы бойынша жалпы 37 362 оқушы болса, олардың 2 210-ы мектеп бітіруші түлектер. Олардың 136-сы «Алтын белгі», 194-і «Үздік аттестат» үміткерлері.

Әлемдегі жұмыс орындарының шамамен 25 пайызы ЖИ ықпалына ұшырауы мүмкін

—  Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) мен Польшаның Ұлттық зерттеу институтының (NASK) жаңа бірлескен зерттеуіне сәйкес, жасанды интеллектіні қолданудың ең ықтимал нәтижесі — адамды толықтай компьютермен алмастыру емес, жұмыс сипатының өзгеруі болады, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтары. 

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ ЖАЙЫН АЙТТЫ

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысы ұсынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы жөнінде мәлімдеме жасады. Министрдің айтуынша, бүгінде 105 жаңа мектептің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта тағы 112 мектептің құрылысы жүргізілуде, оларды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ-2025 ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚПЕН ӨТЕДІ

2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында электронды форматта өтеді. Шымкент қаласының мектептері мен тестілеу орталықтары оқушылардың тестілеуге қатысуына толық жағдай жасау мақсатында өзара үйлесімді жұмыс жүргізуде.

ШЫМКЕНТ МЕКТЕПТЕРІ 2024–2025 ОҚУ ЖЫЛЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАП, ЖАЗҒЫ МЕЗГІЛГЕ ДАЙЫНДАЛУДА

Шымкент қаласының білім беру жүйесі – еліміздің ең ірі мегаполисінің стратегиялық маңызды салаларының бірі. Қазіргі таңда қаладағы білім беру ұйымдары 2024–2025 оқу жылын сапалы аяқтап, жазғы кезеңде балалардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр.

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ПЕН ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕР: ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында 2025 жылғы жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді және мазмұнды өткізуге бағытталған кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылады. Биылғы жылы 240 516 оқушыны жазғы сауықтырумен қамту жоспарланған. Бұл – жалпы оқушылардың 94,8% қамтылатынын көрсетеді.

Ордабасы ауданы: су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары қадағалауда

2025 жылғы шомылу маусымының басталуына байланысты аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз, Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жомарт Қоспанов су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау мақсатында арнайы барып, бірқатар шомылу орындарын аралады.