Іс-шара барысында жауапты мекемелердің шомылу маусымына дайындығы, құтқару қызметтерінің жұмыс тәртібі, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарының бар-жоғы және тұрғындардың қауіпсіздігіне бағытталған алдын алу шаралары егжей-тегжейлі тексерілді.
Аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз шомылу маусымында адам өмірінің қауіпсіздігі бірінші кезекте тұратынын атап өтіп, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, балалар мен жасөспірімдердің қараусыз шомылуына жол бермеу керектігі айтылды. Мұндай рейдтік шаралар шомылу маусымы бойы тұрақты түрде ұйымдастырылып, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталмақ.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат