ШЫМКЕНТ: ДОСТЫҚ ӘУЕНІМЕН ӨРІЛГЕН МЕРЕКЕ

Шымкент қаласындағы Достық үйінде үш маңызды оқиғаны - Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Шымкент қаласындағы Балалар өнер мектебінің 45 жылдығы және алда келе жатқан Балаларды қорғау күнін біріктірген ерекше концерт өтті. Бұл шара жәй мерекелік концерт емес, нағыз мәдени оқиғаға айналып, өнер мен достықтың терең мәні көрініс тапты.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕР МАЙТАЛМАНЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті. Президент Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат марапатталды.

Ордабасы ауданында ивестиция тарту, өнеркәсіп саласын күшейту бағытындағы қадамдар нақты нәтиже беруде

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясындағы аудан әкімі Азат Оралбаевтың 2024 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі жиындары бүгін Бадам және Бөржар ауыл округтерінде өтті.

Ордабасы ауданының әкімі Шұбар және Шұбарсу ауыл округтерінде халықпен кездесіп, есеп берді

Мемлекет басшысының «Атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде аудан әкімі Азат Оралбаевтың 2024 жылдың қорытындысы мен 2025 жылдың басынан бері атқарылған жұмыстар жөніндегі есеп беру жиындары басталды. Бүгінгі есеп беру жиыны Шұбар және Шұбарсу ауыл округтерінде өтті.

Ордабасы ауданының әкімі өзекті мәселелерге байланысты кеңейтілген жиын өткізді

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Ордабасы аудандық білім бөлімі және аудан көлеміндегі мектеп директорлары, ауылдық округтердің әкімдері, өзге де мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен кеңейтілген жиын өткізді.

ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫНЫҢ ІС - ӘРЕКЕТТЕРІН БАҒАЛАЙТЫН ЖҮЙЕНІ ІСКЕ ҚОСАДЫ

ҚР Әділет министрлігі Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Цифрлық көмекші» форматты-логикалық бақылау ақпараттық жүйеде қабылданған шараларды толық бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Міндетті атқару комитетінің төрағасы Махсат Балабеков хабарлады.

ШЫМКЕНТТЕ БЫЛТЫР 27 МЫҢ ТҰРҒЫН САПАЛЫ АУЫЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Бүгінде Шымкент қаласында 81 шағын аудан, тұрғын алап пен елді мекен бар. Оның 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалғаны тек 23 мың тұрғыны бар Құрсай елді мекені болып отыр. Яғни, қаладағы сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші — 99,5 пайыз.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ДИЗАЙН КОДЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Алатау медиа» орталығында «Түркістанның дизайн коды» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг барысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дизайн код ресми түрде таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен талаптары түсіндірілді.