Super User

Super User

Түркістан облысы: Жетісай қаласындағы орталық саябақ жаңа кейіпке енеді

Осыдан 3-4 апта бұрын Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен ауданымызда жаппай сенбілік жұмыстары қарқын алған болатын. Нәтижесінде Жетісай қаласындағы орталық саябақ жаңаша кейіпке еніп, қалыпқа келе бастады. Қазірдің өзінде мұнда демеушілер есебінен жүргіншілер жолына асфальт төселіп, жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталды. 

Түркістан облысы: Кентауда республикалық акция өткізілді

Өткен жұмада «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды жәнежаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өткізілді

Түркістан облысы: Шардара ауданы бюджет түсімін арттыруға күш салып отыр

Жуырда Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиын өтті. Мәжілістің күн тәртібінде бір мәселе – Шардара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2018 жылдың 7 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы мен жыл соңына дейін қойылған міндеттері туралы есепті баяндамасы тыңдалды. 

Түркістан облысы: шардаралық спортшылар марапатталды

13 тамыз – Спортшылар күні мерекесіне орай түрлі спорт саласында еңбек етіп жүрген бір топ азаматтарға аудан әкімінің марапаттары табыс етілді. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев спорт мектебінің директорлары мен ардагер спортшыларды, үздік спортшылар мен спорт мекемелерінде жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтады. 

Осы RSS каналға жазылу