Отырар ауданы: 25 мамыр – Соңғы қоңырау мерекесіне орай ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Бүгін еліміздің барлық білім ордаларында 25 мамыр – Соңғы қоңырау мерекесі кең көлемде аталып өтуде. Он бір жыл бойы білім нәрімен сусындаған түлектер өздері оқыған мектептерімен қоштасып, жаңа өмір белестеріне жол алуда.

Отырар ауданы: Ө.Жәнібеков атындағы мектеп лицей-интернатында «Оқу-білім бұлағы, білім өмір шырағы» атты түлектердің мектеппен қоштасу іс-шарасы өтті

Бүгін Отырар ауданындағы барлық білім ордаларында мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау іс-шарасы салтанатты жағдайда аталып өтті. Солардың бірі Ө.Жәнібеков атындағы мектеп лицей-интернатында «Оқу-білім бұлағы, білім өмір шырағы» атты мектеп түлектерінің үлкен дайындықпен өткізген мектеппен қоштасу іс-шарасы болып өтті.

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ ЖАЙЫН АЙТТЫ

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысы ұсынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы жөнінде мәлімдеме жасады. Министрдің айтуынша, бүгінде 105 жаңа мектептің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта тағы 112 мектептің құрылысы жүргізілуде, оларды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ-2025 ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚПЕН ӨТЕДІ

2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында электронды форматта өтеді. Шымкент қаласының мектептері мен тестілеу орталықтары оқушылардың тестілеуге қатысуына толық жағдай жасау мақсатында өзара үйлесімді жұмыс жүргізуде.

ШЫМКЕНТ МЕКТЕПТЕРІ 2024–2025 ОҚУ ЖЫЛЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАП, ЖАЗҒЫ МЕЗГІЛГЕ ДАЙЫНДАЛУДА

Шымкент қаласының білім беру жүйесі – еліміздің ең ірі мегаполисінің стратегиялық маңызды салаларының бірі. Қазіргі таңда қаладағы білім беру ұйымдары 2024–2025 оқу жылын сапалы аяқтап, жазғы кезеңде балалардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр.

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ПЕН ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕР: ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында 2025 жылғы жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді және мазмұнды өткізуге бағытталған кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылады. Биылғы жылы 240 516 оқушыны жазғы сауықтырумен қамту жоспарланған. Бұл – жалпы оқушылардың 94,8% қамтылатынын көрсетеді.

Созақ ауданының орталығында жаңа кітапхананың құрылысы басталды

Аудан орталығында мәдениеттің маңызды ордасына айналатын жаңа кітапхана ғимаратының құрылысы басталды. Заманауи талаптарға сай жабдықталатын кітапханада оқу залдары, ақпараттық ресурстар орталығы, балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы бөлімдер қарастырылған.

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында облыс орталығында құрылысы жүріп жатқан Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалында болып, жаңа нысанның ішін аралап көрді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров министрге қазіргі жағдайды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.