– Баршаңызды жаңа білім ордасының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін міне, терең тарихымен, еңбекқор халқымен ерекшеленетін Сауран ауданында «Келешек мектептері» жобасы аясында 3-ші білім ұясы іске қосылуда. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Әрбір оқушының білім алып, жан‑жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» делінген тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асты. Бұл – ел болашағына жасалған маңызды инвестиция. Ол үшін Мемлекет басшысына алғысымызды білдіреміз! Республика көлемінде «Келешек мектептері» жобасы арқылы 217 мектеп бой көтерсе, соның 29-ы немесе 13% біздің өңірде салынды. Қазақстандағы 8 мыңға жуық мектептің 1100-ден астамы немесе 14% Түркістан облысында орналасқан. Облысымызда 550 мыңнан астам оқушы білім алуда. Өңірімізде оқушы саны жыл сайын артып келеді, – деді Нұралхан Көшеров.
Мектеп құрылысы 2023 жылы басталып, биыл толық аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 3 гектарды алып жатқан мектептің ауданы – 8 334 шаршы метр. Үш қабатты заманауи ғимарат бір ауысымда 600 оқушыны қабылдауға қауқарлы. Оқу ордасында 180 орындық асхана, 30 орындық оқу залы бар кітапхана, спорт және акт залдары, 3 шеберхана, медициналық пункт, сондай-ақ заманауи жабдықталған оқу кабинеттері қарастырылған. Шара барысында қонақтар оқу кабинеттерін, кітапхана мен спорт залын аралап, мектептің материалдық-техникалық базасымен танысты. Мектеп ауыл балаларының сапалы білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және зияткер ұрпақ қалыптастыруға зор үлес қосады деп күтілуде.
Сауран ауданында қазіргі таңда 24 мыңнан астам оқушы білім алып жатқан 60-тан аса мектеп жұмыс істейді. Аудандағы демографиялық өсім жыл сайын артып келеді – бұл өз кезегінде жаңа мектептердің салынуын талап етеді. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркістан облысында барлығы 29 «Келешек мектебі» салынды. Өткен жылы 13 мектеп пайдалануға берілсе, биылғы жаңа оқу жылынан бері тағы 10 мектеп ашылды. Жыл соңында дейін 6 келешек мектеп ел игілігіне беріледі.
Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Мақсат – еліміздің барлық өңіріндегі балаларға тұратын жеріне қарамастан сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау. Биылғы оқу жылы Түркістан облысы үшін айрықша жаңалыққа толы болғанын айта кеткен жөн. Дәл осы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында биыл 8 жаңа мектеп пен 2 жалпы орта білім ошағы ашылғаны белгілі. Мәселен, Төле би ауданының Достық ауылында 900 орындық, ал Сайрам ауданының Ақсу ауылында 600 орындық жаңа мектептер ашылды. Бұдан бөлек, Шардара, Сауран, Келес, Сарыағаш, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласында да жаңа оқу ошақтары іске қосылды. Бұл – халық саны қарқынды өсіп келе жатқан өңір үшін аса маңызды қадам.
Соңғы жылдары мемлекетімізде білім беру саласын дамытуға айрықша назар аударылып келеді. Соның нақты айғағы – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Бұл тек ғимараттар тұрғызу емес, ең алдымен сапалы білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыруға бағытталған кешенді реформа.Түркістан облысында бір мезетте 8 жаңа мектептің ашылуы – осы бастаманың нақты нәтижесі. Бұл – тек өңір үшін ғана «Келешек мектептері» ұлттық жобасы мектеп салумен шектелетін инфрақұрылымдық бағдарлама емес. Бұл ең алдымен құндылықтық тұрғыдан жаңа білім беру философиясын қалыптастыруды мақсат ететін кешенді бастама.
Жоба аясында Түркістан облысында 46 мың оқушыға арналған жалпы саны 29 мектептің құрылысы жүргізілді. Оның 13-і өткен оқу жылында қолданысқа берілсе, биылғы жаңа 2025-2026 оқу жылында 16 мектеп (жобалық қуаты - 9900) жоспарланды. Биылғы жаңа оқу жылынан бері тағы 11 мектеп ашылды. Жыл соңында дейін 5 келешек мектеп ел игілігіне беріледі. Ал, 24 мектептің (2024 жылы пайдалануға берілген 13 мектептің және 2025-2026 оқу жылында оқытуда бастаған 11 мектептің) бала толымдылығы - 95% құрады. Бүгінде «Келешек мектептерге» бала толымдылығын 100%-ға жеткізу бағытында жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі таңда Түркістан облысында 1–11 сынып аралығында 500 мыңнан астам оқушы білім алуып жатыр. Бұл көрсеткіш жыл сайын шамамен 5–7 пайызға артып келеді.Жаңа мектептер салу – уақыт талабы. Ол мектеп тапшылығының алдын алуға, сыныптағы оқушылар санын азайтуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.«Келешек мектептері» – елдің ертеңін ойлаған стратегиялық бастама. Оның басты мақсаты – әрбір қазақстандық балаға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасау.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат