Бейсенбі, 15 Мамыр 2025 10:27

Түркістан қаласында «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасын қолға алынып, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілуде

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласының «Отырар» секторында тұрғындармен кездесіп, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Шаһарда жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жұмыстар, қала экономикасын дамыту бағытындағы жобалар туралы баяндап берді.

– Өздеріңіз білесіздер, Түркістан қаласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Біз биыл 100-ден аса көшені жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз. Ал үш жылда көшелердің бәрін жөндеуге күш саламыз. Көшелердің жағдайын өз көзіммен көріп, саралау үшін арнайы келіп тұрмын. Осы ретте мына мәселені ескеру керек. Инфрақұрылым мәселелері асфальт төселгенге дейін шешілуі керек. Сондықтан тиісті инфрақұрылым, су, газ және кәріз жүйесі толық жүргізілген көшелерге асфальт төсеуді тапсырдым. Жаңадан салынған жолды қайта бұзуға жол берілмейді. Сіздерге жоспарларымызды таныстырдық. Әрине, қаржысы болса, бәрі жедел шешіледі. Дегенмен кейбір жобаларға қаржы бөлінуі кешіксе, түсіністікпен қарауларыңызды сұранамыз. Кезең-кезеңімен инфрақұрылым мәселесі толық шешімін табады, – деген Нұралхан Көшеров ел ағалары мен ақсақалдарға жастарды еңбекке баулу бағытында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

– Біріншіден, Мемлекет басшысы халықтың жағдайын жасап, тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды. Инфрақұрылым, жол, газ, су, кәріз мәселелері шешіледі. Мемлекет тарапынан барлық жұмысты атқарамыз. Екіншіден, жұмыс орындарын ашпай, аймақтың мәселесі шешілмейді. Сондықтан «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасын қолға алып, өндіріс орындарын ашуға басымдық бердік. Жұмыс орындары ашылуда. Сол кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастарды даярлау қажет. Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Өңіріміз үшін өте маңызды бастама. Кәсіпкерлерге, оқу орындарына тиісті ұсыныстар берілді. Аймақтағы колледждерде, жоғары оқу орындарында техникалық және жұмысшы мамандық иелерін дайындап, өндіріске жіберу – мақсатымыз, – деді өңір басшысы.

Кездесуде шаһар тұрғындары Түркістанда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп, жобаларға қолдау білдірді. Облыс әкіміне Түркістан қаласында инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жұмыстар жоспары мен жобалар таныстырылды. Оның ішінде «Отырар» секторы бойынша 24,6 шақырымды құрайтын 28 көшені жөндеу жоспарланған. Өзге де секторлар мен шеткі елді мекендерде тиісті жұмыстар жалғасады. 2018 жылы Түркістанды кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 15,8 пайыз болса, бүгінде 36,5 пайызға жеткен. Ал үш жылда қаланың 80 пайыздан астамын кәріз жүйесімен қамту жоспарланып отыр.

2024 жылы жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдың ұзындығы 430,1 шақырымға (50,9%) жетті. 2025 жылы жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 95,4 шақырымды құрайтын 94 көшесінде ведомствалық сараптаманың оң нәтижесі алынып, 30 көшесінде жөндеу жұмыстар басталған.

Жалпы, соңғы жылдары Түркістан қаласында инвесторлардың қатары күн санап артып келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен қызығушылық танытып отырған азаматтар Түркістан қаласында, жалпы, облыста кәсіп ашуға жасалған жағдайдың қолайлы екенін алға тартады. Кәсіпкерлер автосалон, жекеменшік емхана, сауықтыру кешендері мен спорт кешендерін салуға қызығушылық танытып отыр.

қала экономикасының өсім драйвері инвестиция тартымдылығы - соңғы 4 жылда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1,3 трлн.теңгені құрап, оның ішінде 46 пайызы жеке инвестиция есебі көрсеткішіне жеткен. Бүгінде Түркістан қаласында жалпы аумағы 310 га құрайтын 2 өндірістік аймақ бар. Оның ішінде 1 арнайы экономикалық аймақ аумағы 180 га, бүгінгі таңға жалпы құны 126 млрд.теңгені құрайтын, 3050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жоба қарастырылып отыр.

Сондай-ақ, жалпы аумағы 190 га құрайтын 1 индустриалды аймақ жұмыс істейді, бүгінгі күнде аймақта жалпы құны 10,5 млрд.теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылған. Алдағы жылдары құны 15,8 млрд.теңге болатын және 525 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 19 жоба іске асыру жоспарлануда.

Түркістанда алдағы 6 жылда бірқатар жобалар іске асырылмақ. Жоспарлы кезеңде 541 млрд .теңгені құрайтын 7 мыңнан асатын жаңа жұмыс орнымен 192 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2,8 есе өсіп, 1,1 трлн. теңгеге, ал тартылатын инвестиция көлемі 3 есе өсіп, 1,2 трлн. теңгеге ұлғаяды. Жергілікті түсім 44,2 млрд. теңге немесе 2,2 есе өсіп, 81,2 млрд. теңгені құрайды деп жоспарлануда. Келетін сыртқы туристер саны 2 есе өсіп, 20 мың адамға артады.  Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға төмендетіп, 22 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу көзделуде. Баспанамен қамту бойынша 2411 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Алдағы жылдары өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі арттыру мақсатында жалпы өнеркәсіп саласында құны 142 млрд. теңгені құрайтын, 3 575 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, 34 жоба қарастырылуда. Арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы – 180 га. Онда жалпы құны 126 млрд. теңгені құрайтын және 3 050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жобаны іске асыру көзделуде.

Соңғы екі жылдың ішінде арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асырылған жобалар: 1) “Султанат ЯССЫ” ЖШС-ң Коттеджды қалашық құрылысы, құны 2 млрд. 500 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 2) “Дос и К Сервис” ЖШС-ң Коммерциялық ғимараттар құрылысы, құны 1 млрд 200 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 3) “Yassy Oil Company” ЖШС-ң Жанар жағармай бекеті құны 200 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) Түркістан облысының нотариаттық палатасы,         Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 140 млн теңге,  20 адам жұмыспен қамтылған, 5) Республикалық адвокаттар алқасы, Түркістан қаласының адвокаттар алқасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 130 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 6) “Yassy Green House” ЖШС-ң Yassy Eco Village коттеджды қалашық құрылысы, құны 3 млрд 740 млн теңге, 45 адам жұмыспен қамтылған. 7) “Тамыз Құрылыс ББК” ЖШС-ң көпқабатты үйлер құрылысы, құны 1 млрд 540 млн теңге, 90 адам жұмыспен қамтылған.

Бүгінгі таңда, алдыңғы жылы – құны 4,9 млрд. теңгенi құрайтын 7 жоба индустриалды аймақта iске қосылып, 199 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Олар: 1) «Techtronic-Stroy»ЖШС-ң «Тауарлы бетон және асфальто бетон өнімдерін жасау» жобасы, құны 600 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 2) «ГОКТУРК» ЖШС-ң «Шлакоблок, брусчатка және бордюрлы тастар жасау» жобасы, құны 250 млн теңге, 19 адам жұмыспен қамтылған. 3) «Euroblock Production» ЖШС-ң «Газобетон және полтстирол блоктарын жасау» жобасы, құны 113,8 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) «Grand Stroy Kaz» ЖШС-ң «Тауарлы бетон және темір бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 1млрд. 500 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 5) «Алем Бетон – 1» ЖШС – 2 кезеңіндегі «Тауарлы бетон және асфальто бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 700 млн теңге,  45 адам жұмыспен қамтылған. 6) «Grand MIKS» ЖК (3- ші кезең) «Жиһаз жасау» жобасы, құны 800 млн теңге, 35 адам жұмыспен қамтылған. 7) «Қазақстан 2030 – Қытай» ЖШС-ң «Шұлық жасау» жобасы, құны 1 млрд теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған.

Былтырғы жылы Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 1015,2 мың адамға жеттіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (975,5) 4,0%-ға артты.  Сонымен қатар, 2023 жылы шетелдік туристер саны 12,2 мың адамға жетті, яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 71,8% өсті (2022 жылы осы кезеңде 7,1 мың адам). 2023 жылдың 9 айының қортындысымен Түркістан қаласында нөмірлік қоры 2671 төсек-орын құрайтын 59 орналастыру орны жұмыс істейді. Сондай-ақ орналастыру орындарымен 74,5 мың адамға жалпы соммасы 2,25 млрд.тг-ге қызмет көрсетілген. Ағымдағы жылы Түркістан қаласында 6 қонақ үй ашылса, оның ішінде Qassaq (жұмысшы саны 6, номер саны 12/24), Turan қонақ үйлері ағымдағы жылы құрылысы жүргізіліп іске қосылды. Сонымен қатар, Яссы, Шапағат, Май-Бұлақ, Павлин қонақ үйлері ғимаратқа реконструкциялық жұмыстар жүргізіліп ашылды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай, «Керуен – Сарай» туристік кешенінде Түркістан облысының туристік маусымының ашылу салатанаты өткізілді. «Bauyrsaq Fest» ісшарасы ұйымдастырылып, әуе шарлары ұшырылды. Сонымен қатар ұлттық колоритке толы «Gastro Fest» гастрономиялық фестивалі, этноауыл аумағында «Этнофест» мерекелік бағдарламасы, «Silk Road» түйе керуені шеруі ісшарасы өткізілді. Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе отырып, 20-22 наурыз аралығында Түркістан қаласында алғаш рет азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласының жетекші өндірушілері мен кәсіпкерлері қатысатын «KazAgro/KazFoodTurkistan2023» халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өткізілді. Сондай-ақ 24-25 маусымында Шаға жағажайы салтанатты түрде ашылды. «Open Turkistan» ЖШС-мен бірлесе отырып, Түркістан қаласында «Tourist time» жастарға арналған жоба тұрақты түрде өткізілді.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы – Ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуындағы оң көрсеткіштері: – 2015-2023 жж. аралығында ашылған өндірістік жобалар; – Ашуға жоспарланған өндірістік жобалар. – Өндірілген өнеркәсіп өнімдері бойынша;   2024 жылы индустриалды аймаққа тартылған жобалар: «Түркістан» индустриалды аймағында өндіріс орындарымен толықтыру бағытында 2 жоба, ӨҮК-ң оң қорытындысын алып, алдағы 2024-2025 жылдары іске асырылуы және 56 адам жұмыспен қамтылуы жоспарлануда.

«Махатов» ЖШС ағаштан сәнді еден және қабырға қаптамаларын жасау жобасы; «Мунай Инвестмент Груп» ЖШС битум өндіру және оны сақтау жобасының құрылысы; Бұдан бөлек, «Құрғақ қағаз майлықтарын және тұрмыстық химия жасау» жобасын «Құрылыс саласына арналған жеңіл қабырға қаптамаларын жасау» жобасын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 2024 жылы құны 3,4 млрд.теңге және 100-ге жуық жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар – «Али Канстракшн Груп» ЖШС, «Гүлзада» ЖК, «Туран Мебель БК» ЖШС атты 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Өңірде «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда 365 гектар өнеркәсіптік аймағының инфрақұрылым жүйелерінің І және ІІІ кезеңдерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұнда бірнеше жоба жүзеге асыру бойынша нақты келісімдер бар. Алдағы уақытта арнайы экономикалық аймаққа ірі инвесторларды тарту көзделіп отыр.

Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстан бірлесе тігін фабрикасын ашты. Тігін фабрикасы Түркістанның индустриалды аймағында салынған. Жобаны іске қосуға 700 миллион теңге жұмсалды. Өндірістің қуаттылығы айына 13 мың тоқыма бұйымдарын шығаруға бағытталған. Кәсіпорын әйелдер үшін 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарын ашады. Сонымен қатар, үкімет басшылары екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығын талқылады. Тараптар жылдық тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Сондай-ақ, көрші елдің инвесторлары Түркістанның индустриалды паркінде газ плита мен су жылытқыш құрылғылар өндіруге ниеттіӨңір басшысының айтуынша, бүгінде Арнайы экономикалық аймаққа коммуналдық желі толықтай тартылған. Енді осы жерге іргедегі көршілер зауыт салатын болса, шарапатын қос тарап бірдей көрмек. Біріншіден, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Әрі тұрмыстық техниканың бағасы тұтынушылар үшін әлдеқайда арзандауы мүмкін.

Бүгінде Түркістан қаласында шағын және орта кәсіп экономиканың дамуында айрықша рөл атқарып жатқаны аңғарылады. Цифрларды сөйлетсек, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш — жалпы өңірлік өнім көлемі 222,6 млрд.теңгеге жетіп, тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 15% артты.  Қазіргі таңда аймақта шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы 82,8 млрд.тг. құрап, тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 11,3% артқан. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айына 22 292 бірлікті құрап, тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 25,5% құрады. Ал өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласында 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айына 18,8 млрд.теңгенiң өнімі өндіріліп, тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 4,3% артты.

Сала мамандары былтыр инвестиция саласы бойынша көрсеткіште оң динамика қалыптасқанын айтады. Яғни, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 245,8 млрд. теңгені құрап, тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 23,3% артқан. Оның ішінде: жеке инвестиция көлемі 154,6 млрд. теңгені құрап, тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 55% құрады. «Соңғы бес жылдағы өзгерістер қала дамуына жаңа мүмкіндіктер ашқанын ерекше атап өткен жөн. Халық табысының өсуіне және олардың әл-ауқатына оң әсерін тигізетін жобаларды жүзеге асыруға облыс орталығында барлық жағдайлар қарастырылған. Сол себепті, қазір жекеменшік секторды нығайтуға арналған ауқымды реформаларды жүзеге асыруға басымдық беріліп отыр. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті арттыруға, жалпы, экономиканың өсуіне ықпал етері сөзсіз.

Бүгіне Түркістан қаласындағы «Әкімшілік-іскерлік орталығы» мен мәдени-рухани орталық маңындағы барлық жобалар тұрақты бақылауда. Мәселен, бір кәсіпкер Түркістан қаласында автосалон салуға ниетті. Жоба іске асқан жағдайда 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кәсіпкер араға уақыт салып, кәсібін ұлғайтуды көздейді. Енді бір жоба – сауықтыру орталығы. Кәсіпкер оның сыртқы келбетіне ерекше мән беріп, абаттандыруына атсалысатын болды.

Жалпылай айтқанда, Түркістан облысына инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдері Қытай мен Өзбекстан мемлекеттеріне іссапармен барып, өндірісті дамыту бағытында тәжірибе жинады. Алдыңғы жылы және былтыр жыл басынан бері облыс басшылығы 10 елдің 80-ге жуық өкілімен кездесті. Атап айтқанда, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Германия, Италия, Жапония, Корея, Чехия, Грузия өкілдерімен келіссөздер жүрген. Оның ішінде инвестиция тарту бағытында сыртқы байланыстарды орнату мақсатында 30 шетелдік инвестормен және 10 ресми делегациялармен кездесулер өткен. Қытай Халық Республикасына іссапар аясында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және қытайлық инвесторларды облысқа тарту мақсатында 11 компаниямен 2,6 трлн. теңгені құрайтын келісімдерге қол қойлыған. Облыстың кәсіпкерлері Қытайдан инвестиция тартып, жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын бастап кеткен.

Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 30,2 млрд теңге болатын 20 жоба іске асырылып, 594 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Бүгінде 384 жаңа жұмыс орнымен жалпы құны 11 млрд теңге 10 жоба іске қосылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады. Өңірде ірі жобаларды іске асыру есебінен өзіндік кірістерді алдағы 5 жылда қосымша 100 млрд теңгеге көбейту көзделіп отыр. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, бүгінгі таңда 10 жоба іске қосылды (11 млрд теңге, 384 жұмыс орны).

Экономикаға тартылған инвестиция көлемі 1,4 есе артып, 751 млрд теңгеден асты. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 225,3 млн АҚШ долларына жетті. Жалпы құны 3,3 трлн теңге болатын 194 инвестициялық жобалардың пулы қалыптасты. Олар 2023-2026 жылдар аралығында іске қосылып, 16 467 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Биыл 51 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып, жыл басынан 39 жоба іске қосылды. 1230 жұмыс орны ашылған.2023 жылы Түркістан облысының экономикасына 972 млрд. теңге тартылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 126,1%-ға артты. Оның ішінде жеке инвестициялар 705,1 млрд. теңге болса, бюджеттік инвестициялар – 266,9 млрд. теңге. Өсім динамикасы бойынша облыс республикада 3-орында тұр. Үкіметпен бекітілген жоспар (908,2 млрд. теңге) 107%-ға орындалды.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірді дамытуда инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын дамыту, өндірісті дамыту және туризм саласына басымдық беріп отыр. Оның ішінде инвестиция тартуға айрықша көңіл бөлінген.  Өңірлік инвестициялық штаб тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Штаб отырысында инвесторлармен тікелей байланыс орнатылып, нақты келісімдер жасалады.

Түркістан қаласын Түркі әлемінің орталығына айналғалы жүйелі жұмыстар нәтижесінде шаһардың инвестициялық климаты жақсарып келеді. Соңғы 6 жылда қалаға тартылған инвестицияның көлемі 8,5 есеге өсіп, былтыр 304 млрд. теңгені құрады. Биыл қала экономикасына 350 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.

- Мемлекет басшылығының қолдауымен 7 жылда Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып, жобалар жүзеге асты. Оны көріп, біліп жүрсіздер. Дегенмен облыс халқының 80 пайызы ауылдарда тұрады. Сондықтан біз алдағы уақытта ауылдарды дамытуға да басымдық береміз. Ал Түркістанды дамыту жұмысы өз жалғасын табады. Индустриалды аймақты және арнайы экономикалық аймақтың жұмысын күшейтеміз. Өндіріс орындарын көбейту арқылы ғана ел әлеуеті артады. Біз келісіп алуымыз керек. Бірінші елге не керек? Ауыз су ма, әлде әлеуметтік нысан ба? Бірінші кезекте тез шешуді талап ететін мәселелер шешілуі керек. Бұл ретте сіздердің пікірлеріңіз маңызды. Осындай кездесулердегі ұсыныстар толық зерделенеді, – дейді облыс әкімі.

Облыс әкімі аз уақытта Түркістан қаласында мәдени-спорттық, туристік және өзге де ғимараттар салынғанын, қала жаңа өрлеу дәуірін бастан өткеріп жатқанына тоқталды. Нәтижесінде халық саны да артып, қосымша мектептер қажеттілігі артуда. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын «Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан қаласында 7 мектеп салынатынын жеткізді. Оның ішінде 3 мектеп 2 мың орындық болады. Екі жылда ел игілігіне берілмек. «Дарын» мектебі мен 4 тілде білім беретін халықаралық білім ордасы да ашылмақ.

Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан Ыстамбул және Кувейт бағытына тікелей рейстер ашылды. Қазіргі уақытта Мәскеу, Анталья, Дубай, Тбилиси, Ташкент және Самарқандқа рейстер ашуға ұсыныс берілген. Астана мен Алматыға рейстер санын көбейту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде 2018 жылмен салыстырғанда Түркістанға келушілер мен туристер саны 4 есе артқан.

Түркістан қаласының халық саны соңғы үш жылда 23,9%-ға артып 2024 жылдың 1 желтоқсанында 236 954 адамды құраған. Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі облыс орталығы болғалы 4,5 есе өсіп 2023 жылы 370,8 млрд.теңгені құраса, 2024 жылға өсім 14,4%-ды құрап, 452,6 млрд.теңгеге жетті. Сондай-ақ, қала экономикасының өсім драйвері инвестиция тартымдылығы - соңғы 4 жылда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1,3 трлн.теңгені құрап, оның ішінде 46 пайызы жеке инвестиция есебі көрсеткішіне жеткен. Бүгінде Түркістан қаласында жалпы аумағы 310 га құрайтын 2 өндірістік аймақ бар. Оның ішінде 1 арнайы экономикалық аймақ аумағы 180 га, бүгінгі таңға жалпы құны 126 млрд.теңгені құрайтын, 3050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жоба қарастырылып отыр.

Жергілікті инвесторлар тарапынан қала аумағында – жалпы құны 351 млрд. теңге болатын және 3 920 жоспарлы жаңа жұмыс орындарымен қамту мүмкіндігі бар 233 әр түрлі саладағы инвестициялық жобаның пуллы қалыптастырылып, іске асырылуда. Одан бөлек, Түркістан қаласына жаңа инвестициялық жобаларды тарту мақсатында жалпы құны 37,6 млрд. теңге болатын және 1 000-ға жуық жаңа жұмыс орындарын құратын шет елдік 26 ірі инвестициялық жобалармен келіссөздер жүргізілуде. Жыл басынан бері құны 6,6 млрд.теңге болатын және 160 жаңа жұмыс орнын құратын 5 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. (Тұран Мебель БК ЖШС, Қазақстан Нұр 001 ЖШС, Гранд Строй Каз ЖШС, Мырза ШҚ, Арыстанбаева ЖК).

Инвестиция – экономиканы дамытудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерді енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор. Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды. Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал.

Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін. Қаржылық инвестиция ― бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай-­ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді ― ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық құнды қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі. Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады. Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты ― түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу болып табылады.

Инвестициялардың мақсаты: жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту; Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту. Еліміздің экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор.

 «WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 5 рет