Түркістан облысында 50 мың басқа арналған ауқымды ферма салынуда

Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеретін ірі жоба жүзеге асырылуда. Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Turkestan Agro.kz ЖШС базасында қолға алынған кешен толық қуатына шыққанда өңірдегі ең ірі өндірістік алаңдардың біріне айналмақ. Қазірдің өзінде мега-фермада 30 мыңға жуық мал бордақылануда. "Ақылды" ферма қалдықсыз өндіріс қағидатына негізделген.

Созақ ауданындағы Жартытөбе ауыл округінде кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді

Бүгінде Жартытөбе ауылдық округінде шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып, 10-нан астам кәсіп түрі жолға қойылды. Бұл бастамалар ауыл тұрғындарының табысын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ауылға арнайы барып, жүзеге асып жатқан жобалардың барысымен танысты. Бұған дейін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес округ әкімі Дания Жүсіпов көршілес елдер мен өзге өңірлердің озық тәжірибелерін зерделеп, тиімді тұстарын жергілікті жағдайға бейімдеп енгізген. Нәтижесінде, кәсіп түрлері ауыл азаматтары тарапынан қолдау тауып, нақты іске айналуда.

Шетелдік инвесторлар Түркістан облысында флоат-шыны өндірісін іске асыруды көздеп отыр

Түркістан облысында шетелдік инвесторлар жаңа флоат-шыны өндіру жобасын іске асыруды көздеп отыр. Жобаны жіті зерделеу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек шетелдік инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырып, жер және инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын талқылады.

Түркістан облысы: жаңа инвестициялық жобалардың іске асу барысы қаралды

Биыл Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен 5 инвестициялық штаб отырысы өткізіліп, 31 хаттамалық тапсырма берілді. Хаттамалық тапсырмаларлың орындалу барысы, инвестициялық жобалардың ағымдағы жағдайы облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында пысықталды.

Түркістан облысында шағын өндірістік парктерді құру тәжірибесі басқа облыстарда қолданылады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысындағы шағын өндірістік парктерді құру тәжірибиесін басқа облыстарда қолдану жоспарланған. Тәжірибе алмасу мақсатында өңірлердің Түркістан облысына іссапарлары жалғасуда. Бұл жолы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің салаға жауапты өкілдерінен құралған делегация Түркістан облысына арнайы іссапармен келіп, инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған аймақтарды аралады.

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары мен суару науқаны тұрақты өтуде

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары мен суару маусымы жоспарға сәйкес тұрақты жүргізілуде. Бүгінде өңірде жаздық дақылдар 316 мың гектар алқапқа егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар – 72 мың гектар, майлы дақылдар – 72 мың гектар, жоңышқа – 51 мың гектар, көкөніс – 31 мың гектар, бақша дақылдары – 38 мың гектар, ал мақта алқабы 52 мың гектарды құрайды. Сонымен қатар ерте пісетін қырыққабаттан 2,2 мың тонна өнім жиналды.

Түркістан облысындағы тоңазытқыш шығаратын зауыт кеңейтіліп, жылдық қуаты 50 мың данаға жеткізілмек

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «UBC Group» компаниясының құрылтайшысы Игорь Бурдыленкомен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірде жүзеге асқан инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы мен оларды одан әрі дамыту жолдары жан-жақты талқыланды. Келіссөз барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан облысының өндірістік әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және экспорт көлемін ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударды. Әсіресе, «UBC Group» компаниясының қатысуымен іске асқан жобалардың тиімділігін күшейту және оларды кеңейту мүмкіндіктері сөз болды.

Төлеби ауданында алюминий орамдарын өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталды

Инвестициялық жоба «QAZCOILPRO» ЖШС тарапынан жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 115 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын толық іске қосылған кезде алюминий орамдарын өндіру бойынша Қазақстандағы алғашқы ірі өндіріс орындарының біріне айналады деп күтілуде.Зауыттың өндірістік қуаты екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде жылына 100 мың тонна өнім шығару жоспарланса, екінші кезеңде бұл көрсеткіш 200 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Жоба нәтижесінде 250-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.