Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы рейд өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс әкімінің 03.02.2025ж. №26 хаттамасының 1.2-тармағына және бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, Сауран ауданының прокуратурасы, Облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, облыстық полиция департаменті қызметкерлері «Жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында» бірлескен рейдтік іс-шара жүргізді.

Түркістан обылысы шаруашылығы индикаторларын орындау бойынша көшбасшылар қатарында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген жол картасы бойынша 2025 жылға негізгі 10 индикаторлық көрсеткіштер жоспары бекітілген. Аталған жоспардың орындалу Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Өңір басшысы жоспарды кешеуілдеткен аудан, қала әкімдерінің есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді.

Түркістан: "Таза Қазақстан" бағдарламасы тұрақты жалғасуда

Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар жалғасып келеді. Өткен аптада облыс көлемінде 215 арнайы тазалық шарасы ұйымдастырылған. Оған қоса Шардара жағажайы аумағын ретке келтіру шаралары жүзеге асты. Бұл бағыттағы мәселелер Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте талқыланды.

Түркісанда "Қоқыссыз өзен: Экология, спорт және қауіпсіздік" атты шарасы өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы Оранғай өзенінің маңында «Қоқыссыз өзен: экология, спорт және қауіпсіздік» тақырыбында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, сенбілік барысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында арнайы семинар-тренинг өтті. Жиын - экологиялық мәдениетті қалыптастыру және суға түсуге тыйым салынған аймақтарда болатын оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған. Экологиялық шараға облыстық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-ң директоры Ернар Бектаев қатысып, аталмыш тақырып аясында өз пікірін білдірді. Сонымен қатар, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережерлері мен алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы оқыту сабақтары өтті.

Сауран ауданы: Үшқайықта балық шаруашылығы дамып келеді

Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, жаңадан ашылып жатқан кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты. Ауылдық жерде шағын және орта бизнесті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған бұл жобалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етпек.

Түркістан: Кентауда өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,6 млрд. теңгені құрады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің аудан, қалаларға жұмыс сапары жалғасуда. Бұл жолы Кентаудағы құрылыс алаңдары мен индустриалды аймақтарды аралады. Одан кейін қала әкімдігінің ғимаратында актив отырысын өткізіп, Кентауды дамыту жолдарын талқылады. Өңір басшысы бірқатар саладағы кемшіліктерге тоқталып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.